Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда 84 елдің делегациясы қатысатын инвестициялық форум өтеді

Өзбекстанда 84 елдің делегациясы қатысатын инвестициялық форум өтеді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 2-3 мамыр аралығында өтетін III Ташкент халықаралық инвестициялық форумына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 2022 жылы алғаш рет өткен бұл форумға 56 елден келген 1 мыңнан астам шетелдік қонақ катысқан болатын.

Биыл оған 84 мемлекеттен 2500-ге жуық делегат келеді деп күтілуде. Олардың ішінде шет елдердің үкімет мүшелері, ірі компаниялардың басшылары, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ, ОПЕК, Еуропалық қайта құру және даму банкі сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері болады.

Бағдарламаға сай, форум аясында 40-тан астам шара, атап айтқанда үкіметаралық комиссиялардың отырысы және Өзбекстандағы бірқатар жобаны іске қосу рәсімі өтеді.

Сонымен қатар, 3 мамырда Өзбекстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің екінші пленарлық сессиясы өтеді.

Айта кетейік, Ташкент халықаралық инвестициялық форумы Өзбекстанның экономикалық мүмкіндігін көрсетіп, соның негізінде инвестициялық келісімдер жасауға арналған алаң саналады.
01 мамыр 2024 ж. 1 302 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 173

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031