Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Грузияда бірінші сынып оқушыларына шахмат міндеттелді

Грузияда бірінші сынып оқушыларына шахмат міндеттелді

Грузия мектептерінде бірінші сынып оқушылары үшін міндетті жаңа пән пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
1 қыркүйектен бастап білім ордасының табалдырығын аттаған бүлдіршіндер шахмат ойынын меңгереді. Сарапшылардың айтуынша, бұл қадамның саяси астары да бар. Шахматтың міндеттелуі Грузияның Еуродаққа мүше болуға ұмтылысын білдіреді. Себебі ұйым декларациясында мектепте шахматты үйрету қарастырылған. Михаил Чхенкели, Грузияның білім беру министрі: – Шахмат жөніндегі ұлттық федерациямен бірлесіп, мұғалімдер мен оқу базасын әзірлеп жатырмыз. Бұл ойын адамның логикалық, аналитикалық және сыни ойлау жүйесін дамытады. Бірінші сынып оқушыларының шахмат мәдениетін жастайынан меңгеруі – қуантарлық жаңалық. Ата-аналар да бұл бастаманы қуана қолдап жатыр. Елде онсыз да шахмат үйірмелеріне сұраныс жоғары екен. Маргарита Маликова, Тбилиси тұрғыны: – Шахмат – интеллектуалды спорт. Баланың ақылын ұштайды, ойланып әрекет етуге баулиды. Осылай міндеттемесе, көптеген ата-ана баласын шахмат үйірмесіне беруді ойластырмайды. Білім министрлігінің мәлімдеуінше, шахматты екінші және үшінші сынып оқушылары да игере алады. Бірақ бұл таңдау пәні болмақ.


30 мамыр 2022 ж. 1 209 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930