Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екпе алған шетелдіктер кіші қажылыққа бара алады

Екпе алған шетелдіктер кіші қажылыққа бара алады

Сауд Арабиясы Умра (кіші қажылық) жасағысы келетін вакцина алған шетелдік қажылар үшін шекарасын қайта ашты.Бұл туралы Orda.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап хабарлады.

Сауд Арабиясы 9 тамыздан бастап қасиетті Мекке қаласына қажылыққа баруға өтініш қабылдай бастайды. Ел билігі бұл шешімді коронавирустық пандемияға байланысты шекара жабылғаннан 18 ай өткен соң қабылдап отыр.

– Қажылық және умра министрлігі әлемнің түкпір-түкпірінен умраға өтінімдерді біртіндеп қабылдаумен қатар, ел азаматтары мен тұрғындарының арасынан умра орындаушыларды қабылдау басталғанын жариялады, – делінген хабарламада.

Есепке сәйкес, Таяу Шығыс патшалығы тыйым салынған тізімге енгізілген елдерден вакциналанған сенушілер келгеннен кейін карантиннен өтуге мәжбүр болады.

Сондай-ақ, шетелдік қажылар Сауд Арабия мойындаған вакцинамен егілуі тиіс. Қазіргі уақытта елде Moderna, Pfizer / BioNTech, AstraZeneca, сондай-ақ Janssen (Johnson&Johnson компаниясы шығаратын) коронавирусқа қарсы вакциналар мақұлданды.

Айта кетсек, жыл сайын шетелдік қажылар ел бюджетіне 12 млрд долларға жуық табыс әкелетін. Алайда, COVID-19 пандемиясына байланысты шекаралардың жабылуы ел экономикасына елеулі зиян келтірді.
Бұған дейін коронавирусқа байланысты Мекке мен Мединеге кіру уақытша тоқтатылған болатын.
09 тамыз 2021 ж. 951 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 143

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031