Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер асты-жер үсті қоғамдық көліктері көпті таңғалдырды

Жер асты-жер үсті қоғамдық көліктері көпті таңғалдырды

Лос-Анджелес жер асты туннельдеріне ерекше жол торабы салынбақшы. Қоғамдық көлік метроның көшірмесі емес. Жер астында зулағанымен, үлкен қашықтыққа вакуум құбыры арқылы самғайды және станциялары да ерекше – жердің бетінде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі money.cnn.com сайтына сілтеме жасап.
Осы жобаны қолға алған кәсіпкер-миллиардер Илон Маск былтыр бейнеролик ұсынған болатын. Сағатына 150 миль жылдамдықпен туннельге түсіп бара жатқан көлік көптің назарын аудартты. Бұл жоба биыл іске асады деп күтілуде.
Шағын автокөліктер туннельмен жүру үшін рұқсат алған соң, халықтың игілігі үшін пайдаланылады. Жеке көлігі жоқ жандар да қоғамдық көлікпен көздеген жеріне тез арада жетуі тиіс. Бұл көлік жаяу жүргінші мен велосипед қозғалысына еш кедергі келтірмейді.
«Автокөліктер қоғамның талабына сай болғанда ғана іске қосылады. Көліксіз жандар да бұл қоғамдық көлііке алғашқылардың бірі болып отырулары керек», дейді Илон Маск.
Сондай-ақ, автор жаңа бейнеролик жариялады. Онда адам толы үлкен фургон туннельге түсіп, Лос-Анжделес әуежайына қарай жол тартады. Ал туннельге түсетін станцияның аумағы бір көлікке арналған паркинг көлемімен бірдей.
Қоғамдық көліктер жөніндегі Co urban loop жүйесі 1000 шағын станциямен жабдықталады. Метродан айырмашылығы – көлік тоқтайтын станцияларға тез жүріп, тез жетесіз, себебі станциялардың арасы жақын.
Baq.kz
10 наурыз 2018 ж. 2 185 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930