Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021 жыл СІЗ үшін қандай болады? (тест)

2021 жыл СІЗ үшін қандай болады? (тест)

Ескі жылды шығарып салар сәт жақындаған сайын, «2021 жыл қандай болады?» деген ой маза бермей жүр ме? Бұл сұрақтың жауабын білу қиын емес. Ол үшін суреттегі бір шыршаны таңдасаңыз жетеді. 1-ақ минутта бақандай бір жылдың қалай өтетінін біле аласыз. Сонымен қай шыршаны таңдадыңыз?


№1. Сиыр жылы сіз үшін ең СӘТТІ жылдардың бірі болмақ. Қандай жаңа істі қолға алсаңыз да сәттілік серік болады. Олай болса, сәтсіздіктен қорқып, осы уақытқа дейін шетке ысырып қойып келе жатқан идеяларыңызды «өмірге әкелуге» бүгіннен бастап дайындалыңыз. Бастаудан қорықпаңыз! ⠀
№2. 2021 жыл жаңа бастамаларға толы, ЖАҢА болады. Өміріңіздің барлық саласында жаңа жоспарлар құрылады. Кейбір нәрселерді таза парақтан бастайсыз. Жаңа белеске аяқ басасыз. Өмірдің жаңа кезеңі басталады. Ендеше, жаңалықтарға дайын болыңыз! ⠀
№3. «Е-е, бақыт деген осы екен ғой!» деп айтатын жылды қанша уақыт күтіп едіңіз? Міне, аңсатқан, көп күттірген жыл 2021 жылы шаңырағыңызға енеді. Бұл жыл риясыз қуанып, шынайы күлетін БАҚЫТТЫ жылдардың бірі болады.
№4. Бұл жыл өткен шақта қалған басқа жылдарға ұқсамайтын, ЕРЕКШЕ болады. Қызықты оқиғаларға, саяхатқа, сүйінші хабарлар мен тосынсыйларға дайын болыңыз. Бұрын-соңды бармаған тамаша жерлерге аяғыңыз тиеді.
№5. Көңіл ТОҚ, уайым жоқ жыл болады. Өзіңізге көңіл бөліп, бейнеттің рахатын көретін жыл. Иә, сіз үшін демалысы көп, қуанышты отырыс пен дастархан жиналмайтын той жылы болмақ. ⠀
№6. Сиыр жылы РОМАНТИКАға толы, тәтті естеліктері көп жыл ретінде өтеді. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынас жылып, ренжіскен адамдармен татуласасыз. Сыйластық, достар қатары артады. ⠀
№7. Жалқаулықты тастап, жайлылық аймақтан шығыңыз. Өйткені сіз үшін 2021 жыл КЕҢдік танытады. Олай болса, ой-өрісіңізге, арман-тілектеріңіз бен мақсаттарыңыздың шекарасына шек қоймаңыз. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
№8. 2021 жыл өміріңіздегі БАСТЫ жылдардың бірі екенін әрқашан есте ұстаңыз. Өз өміріңіздегі сценарийдің басты рөлі бұйыратын жыл. Отбасында, қызметте, ағайын-туыс арасында еленетін боласыз. Олай болса, басты рөлге лайықты болуға жан-жақты дайындық жасаңыз. ⠀ №9. ЖАҚСЫ жыл. Тек ертегілерде ғана емес, шынайы өмірде де мейірімділік пен қайырымдылық жамандықты жеңетініне көзіңіз анық жететін жыл болмақ. Жақын адамдарыңызға қаншалықты мейірімді болсаңыз, 2021 жыл да сізге соншалықты мейір-шапағатын төгеді.

24 желтоқсан 2020 ж. 3 000 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930