Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай деп желдің болмауы немесе әлсіз соғуы, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуін айтады
Фото: pixabay.com
27 тамызда Қазақстанның бірден үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға қозғалыс бағытын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге кеңес берілді.
«Қазгидромет» мәліметінше, 27 тамызда Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай деп желдің болмауы немесе әлсіз соғуы, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуін айтады. Мұндай кезде зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналып, елді мекендердегі ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.
ҚМЖ кезінде мынадай сақтық шараларын сақтау ұсынылады:
  • ашық ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе автожолдар мен ластану көздеріне жақын жерлерде ұзақ жүрмеу. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартқан жөн;
  • өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек;
  • ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеу. Дене шынықтыру мен спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан дұрыс.
baq.kz

27 тамыз 2026 ж. 23 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31