Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерде соңғы екі айдағы ең күшті магниттік дауыл күтілуде

Жерде соңғы екі айдағы ең күшті магниттік дауыл күтілуде

Фото: Depositphotos
Ғалымдар Жерде алдағы тәулікте қуатты магниттік дауыл болатынын ескертті. Дауыл соңғы екі айдағы ең ауқымды геомагниттік құбылыс болмақ. Мамандардың айтуынша, бұған күндегі ірі жарылыс себеп болған, деп хабарлайды Ресей Ғылым академиясының Жер маңындағы ғарыштық процестерді зерттейтін зертханасы.
5 тамыз күні Күн бетінде екі қуатты М класты жарылыс тіркелді. Олардың бірі 12 минутқа созылған, бұл соңғы бір жарым айдағы ең қарқынды жарылыс саналады. Нәтижесінде плазмалық бұлт пайда болып, оның соққысы Жердің магнит өрісіне бағытталды. Алғашында ғалымдар бұл плазма Жерге жетпейді деп болжаған. Алайда оның бағыты өзгеріп, геомагниттік ауытқулардың күшеюіне әкелуі мүмкін. «Қазіргі болжам бойынша, плазманың Жерге жетуі 8 тамыз күні, Мәскеу уақытымен таңғы 7-де күтіліп отыр», — делінген Зертхана сайтында жарияланған хабарламада. Мамандардың мәліметінше, егер плазма бұлты бағытын 3-5 градусқа өзгертсе, Жер магнит өрісіне соқпай өтуі мүмкін. Ал бағыт керісінше жағдайда өзгерсе, дағдарыс одан да күштірек болады. Бұл сценарийдің жүзеге асу ықтималдығы 5 пайыз деп бағаланып отыр. Соңғы рет осындай геомагниттік белсенділік 13 маусымда тіркелген болатын.

07 тамыз 2025 ж. 248 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930