Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаһандық жылыну: Қандай аймақтар аптап ыстықтан өмір сүруге жарамсыз болып қалуы мүмкін

Жаһандық жылыну: Қандай аймақтар аптап ыстықтан өмір сүруге жарамсыз болып қалуы мүмкін

Фото: pixabay.com
Лондондағы Корольдік колледждің ғалымдары Жердің орташа температурасы өнеркәсіпке дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2°C-қа көтерілсе, миллиондаған адам өмір сүру мүмкін емес аймақтар пайда болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nature Reviews Earth and Environment журналына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір Жер бетіндегі орташа температура бұрынғыдан 1,5°C-қа көтеріліп үлгерген. Бірақ Париж келісімінде көрсетілген шектеулі 2°C-тық жылынудың өзі құрлықтың үштен бір бөлігін қалыпты өмір сүруге тым ыстық етіп жіберуі мүмкін. Әсіресе 60 жастан асқан адамдар үшін жағдай қиын. Себебі олар тұратын қауіпті аумақтардың көлемі 21%-дан 35%-ға дейін ұлғаяды.

Егер температура 4°C-қа дейін көтерілсе, жағдай күрт нашарлайды. Онда Жер бетінің шамамен 40%-ы адам ағзасына өте қауіпті аптап ыстық аймаққа айналады. Бұл – адам денесі тіпті көлеңкеде, жел соғып тұрса да салқындай алмайтын деңгейдегі аптап ыстық. Мұндай жерде кондиционерсіз ұзақ болу дененің қызып кетуіне, тіпті күн өту арқылы өлімге әкелуі мүмкін.

Ең үлкен қауіп аптап ыстықпен күресіп отырған өңірлерге қазіргі кезде де төніп тұр. Олар:

– Персия шығанағы мен Араб түбегі;
– Индо-Ганг ойпаты (Үндістан мен Бангладеш аймағы);
– АҚШ-тың оңтүстік штаттары мен Мексика.

Еуропадағы кондиционерлер аптап ыстыққа әсер етті – Сарапшы
Еуропада аптап ыстықтан қауіп деңгейі қызылға жетті: Жұмыс істеуге тыйым салынбақ

Бұл аймақтарда қазір де ауа температурасы кейде адам ағзасының физиологиялық төзімділік шегінен асып кетеді. Тіпті жас әрі дені сау адамдар үшін де қауіпті. Егер жаһандық жылыну жалғаса берсе, көлеңкеде отырып, су ішіп, жел соғып тұрса да адам өміріне қауіпті болады.

Ғалымдар ең ауыр салдарды болдырмаудың жалғыз жолы – көмірқышқыл газының ауаға бөлінуін шұғыл азайту екенін ескертті. Жаңартылатын энергия көздеріне көшіп, көмірқышқыл газын сіңіре алатын табиғи экожүйелерді сақтау қажет. Сонымен қатар климаттың өзгеруіне бейімделіп, адамдарды аптап ыстықтан қорғай алатын инфрақұрылым салу аса маңызды.
03 шілде 2025 ж. 246 0

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 116

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 111

Ізгілікті ұялатқан жүрекке

02 желтоқсан 2025 ж. 119

Күрежолдағы нысандар назарда

02 желтоқсан 2025 ж. 112

Желтоқсан көшесі жөнделуде

02 желтоқсан 2025 ж. 112

Құрылыста қарқын бар

02 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031