Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік күніне, Жаңа жылға орай қосымша пойыздар қосылады

Тәуелсіздік күніне, Жаңа жылға орай қосымша пойыздар қосылады

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға орай қосымша пойыздар қосылады. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша қатынайды:
  • №201/202 "Астана-Алматы" пойызы:
    - Астанадан: 2024 жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан, 2025 жылғы 1, 4 қаңтар.
    - Алматыдан: 2024 жылғы 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан, 2025 жылғы 2, 5 қаңтар.
  • №203/204 "Астана-Шымкент" пойызы:
    - Астанадан: 2024 жылғы 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан, 2025 жылғы 1, 4 қаңтар.
    - Шымкенттен: 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан, 2025 жылғы 2, 5 қаңтар.
  • №205/206 "Ақтөбе-Астана" пойызы:
    - Ақтөбеден: 2024 жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан, 2025 жылғы 1, 4 қаңтар.
    - Астанадан: 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан, 2025 жылғы 3, 6 қаңтар.
"Барлық пойызда купе және плацкарт вагондары бар", - деп жазылған хабарламада.
2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап қосымша электр пойыздары іске қосылады:
  • №7553/6811–6812/7556 "Қарағанды-Астана-Бурабай курорты" электрпойызы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.
  • №7509/6805–6806/7510 "Павлодар-Астана-Бурабай курорты" электрпойызы аптасына үш рет, яғни жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.
Айта кетейік, билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзал кассаларынан алуға болады.
Еске салайық, бұған дейін 2024 жылдың соңғы айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалатыны хабарланды. 

02 желтоқсан 2024 ж. 172 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031