Қазақстан аумағында айналымнан 1 763 жалған банкнот тәркіленді
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар ҚазанғаповЖалған шетел валютасын өткізетіндер көбейіп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМА өкілдері демалыс маусымы қарсаңында азаматтар валюта айырбастау кезінде, әсіресе шетелге шыққанда, қырағылық танытуы керегін айтады.
"Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін және қылмыстық қудалау орбитасына ілінбеу мақсатында, жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да бейтаныс адамдарға ақша айырбастамаңыз және валютаны «делдалдардан» сатып алмаңыз.
ҚМА қызметі қолма-қол ақша айналымымен байланысты азаматтар мен қаржылық мониторинг субъектілерін (ЕДБ, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.) жалған банкноттар табылған жағдайда дереу ҚМА-ның аумақтық департаменттеріне (байланыс телефондары төменде келтірілген) жүгінуге шақырды.












