Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ: қам қалай?

ҰБТ: қам қалай?

«Алма кетті домалап». Бұл «сиқырды» естігенде ойымызға ҰБТ оралады. Рас қой? Барлығы қолдана қоймас әрине, бірақ ойың сан-сақта тұрғанда «кілт» сөздің қажеті пайдаға асады. Әрине, 11 жылдық білімді сарапқа салу – оқушы мен ұстаз, ата-ана көңілін толқытуы анық. Сонау 2004 жылдан бастап білім жүйесіне енген ұлттық бірыңғай тестілеу уақытпен ілесіп жаңарып келеді. Ал биылғы өзгеріс қандай? Қам қалай?

Мектеп түлектеріне оқу грантын ұтып алуға мүмкіндік беретін бұл сынақ 20 жыл бұрын енгізілгенімен, әлі де бір жүйеге түсе қойған жоқ. Тестілеу жүйесі жыл сайын 35 процентке жаңартылып отырады. Негізгі ҰБТ-ға өтініш 14 мамырға дейін қабылданды. ҰБТ-ға қатысу үшін арнайы сайтта тіркеуден өтуге болады. Мәліметтерге қарағанда, тестілеудің өзі 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді. Бұл ретте талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады.
Түлектердің ҰБТ-ға жақсы дайындалуының тағы бір мүмкіндігі – Ұлттық тестілеу орталығының тегін онлайн-сынақ тестілеуін іске қосуы. Онымен қоса ҰТО-мен бірлесіп әзірленген білім беру орталықтарының тегін онлайн сабақтары да жалғасып жатыр. Академиялық адалдықты сақтау үшін талапкерлердің тест нұсқасы таңбаланады. Яғни әрбір ҰБТ-ға қатысушысының жеке тест нұсқасы болады. Ережелерді бұзған және тест тапсырмаларын аудиториядан тыс жерге шығаруға тырысқан жағдайда, Ұлттық тестілеу орталығы ереже бұзушыларды анықтап, оның тест нәтижелерін жояды.
Ал пәндердің саны өзгеріссіз қалады. Олар үш міндетті және екі таңдау бойынша өтеді. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан – 15, математикалық сауаттылықтан – 15, оқу сауаттылығынан – 20 және екі бейіндік пәннен – 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут).
Ерекше білім беруді қажет ететін талапкерлерге тест тапсырмаларын орындауға қолайлы жағдай жасау үшін алғаш рет негізгі 240 минутқа қосымша тағы 40 минут берілді. Сонымен бірге ерекше талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізілді. Олар үшін тест нұсқалары суреттерсіз, диаграммаларсыз және сызбаларсыз әзірленді. Сондай-ақ ҰБТ кезінде компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі және металдардың бірқатар белсенділігі қосылған тұздың ерігіштігі кестесі қолжетімді болады. Үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Ал аудандық білім бөлімінің берген мәліметінше, 892 оқушы мектеп бітіріп, 793-і ҰБТ-ға (89%) қатысады деп күтілуде. Тестілеудің І кезеңіне 6-10 мамыр, ІІ кезеңіне 10-14 мамыр аралығында тіркелді. ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. Сонымен қатар «Алтын белгі» белгіге қазіргі таңда 72 түлек үміткер болып отыр.
Мектепті аяқтап, түрлі мамандықтың тізгінін ұстап, кәсіп иесі атануға асығатын жастың көбі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Үлкен өмірге жасалатын алғашқы қадам оқушы, ұстаз, ата-ана үшін де үлкен сын.
Бұл сынақ өткен сынақтан өзгерек. Алайда жақсы көрсеткішке жету үшін дөңгеленген дүниеде сыннан өту көбеймек. Әрине, бұл – оқуға түскісі келетін жандарға берілген үлкен мүмкіндік.

Айнұр ӘЛИ

18 мамыр 2024 ж. 181 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031