Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелде жүріп Қазақстан паспортын алатын азаматтар тізімі кеңейтілмек

Шетелде жүріп Қазақстан паспортын алатын азаматтар тізімі кеңейтілмек

ҚР Сыртқы істер министрлігі «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу» мемлекеттік қызметі қағидасына өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды inform.kz.
Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасына қарағанда, бүгінде Қазақстанның шет елдердегі мекемелері бұл қызметті Қазақстан Республикасынан тыс жерделерде тұрақты тұратын; шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын; шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін; көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне; шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына; жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар адамдарға көрсетеді.
Енді Елшіліктер мына санаттағы азаматтарға да қызмет көрсететін болады:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;
өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталатындарға, қамауға алынатындарға, сондай-ақ пенитенциарлық мекемелерде жазасын өтеушілерге.
Бұйрық жобасы 22 қарашаға дейін ашық талқылауда болады.
09 қараша 2022 ж. 237 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 111

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 114

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 114

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 112

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 118

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 110

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031