Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік бастаманың әлеуеті зор

Әлеуметтік бастаманың әлеуеті зор

Президенттің бес әлеуметтік бастамасының әрқайсысы – халық үшін үлкен берекенің бастауы. Жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін салық жүктемесін азайту, шағын несие беру көлемін арттыру және елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыруды қамтуға бағытталған бұл жобалар тұрғындар арасындағы көптеген мәселенің күрмеуін шешеді.
Ел өміріндегі өзекті мәселе саналатын баспана алудағы қарастырылатын жеңілдіктердің өзі бір төбе. Елбасының мінбердегі сөзін халыққа жеткізу, жан-жақты түсіндіру мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай мен Амангелді Дәуренбаев, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облысы филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес сейсенбі күні Қазалы ауданына келді.
Насихаттық топ алдымен кент орталығындағы іргелі білім ордаларының бірі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде болды. Мұғалімдерге бес бастаманың жай-жапсарын түсіндіріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Дархан Қамзабекұлы «Адами капитал – жаңғыру негізі» аясында мұғалімдердің жалақылары не себепті өзгеріссіз қалып отырғанына тоқталды. Оның айтуынша, адам санының көптігінен есеп-қисап мәселесінде қиындықтар болып, қазіргі уақытта шешімін тапқан.
«Ел дамуындағы жетекші салалардың бірі мұғалімдер болса, екіншісі – медицина жүйесі. Халықтың біртұтас еңбекқорлық пен зияткерлікке қарай жылжуы, оның әл-ауқатының жоғарылығынан болса керек». Осылай деген ел қалаулысы Амангелді Дәуренбаев әріптестерімен бірге жақында ғана пайдалануға берілген аудандық орталық ауруханаға бас сұқты. Ақ халаттылардың сауалдарына жауап беріп, пікірлеріне құлақ түрді. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен танысты. Осы тұста аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Мұратбайұлы Сырдариядан сең жүріп, жол қатынасы қиындаған сәтте өзеннің арғы бетіндегі толғағы келген ананы босандырып, дәрігерлік борышын адал орындаған аудандық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Көбек Наршабаевтың еңбегін атап, алғысын білдірді.
Одан әрі депутаттар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында қоғамдық қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының өтініш-тілектеріне назар аударды.
Қоғамдық қабылдаудан соң халық қалаулылары болат жол бойындағы Қазалы локоматив жөндеу зауытының жұмыс барысымен танысты. Өндіріс орнындағы технологиялық жаңалықтарды көріп, жұмысшы-қызметкерлермен жүздесті.
Жалаңтөс батыр ауылындағы болған кездесуде тұрғындар ауыл маңынан өтетін көгілдір отынның игілігін көруге мүмкіндік жасалса деген ұсыныстарын жеткізді. Бұл орайда аудан әкімінің орынбасары аталған мәселені қамтитын жоба қолға алынғалы отырғанын мәлімдеп, жиылғандарды бір марқайтып тастады.
Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес сөз сөйлеп, халықты баспанамен қамту туралы, оның ішінде облыс әкімінің бастамасымен іске қосылған «Орда» бағдарламасының орындалу барысы жайында толыққанды мәліметтер келтірді. Жұмыссыздықты азайтып, шағын және орта кәсіпкерліктің тынысын кеңейту жолында жасалып жатқан жағдайларды ортаға салды.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

10 сәуір 2018 ж. 1 618 0

Қазақстанда күн жылынады

25 желтоқсан 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031