Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұрымды футболшыларымыз Бішкектен жеңіспен оралды

Бұрымды футболшыларымыз Бішкектен жеңіспен оралды

17 жасқа дейін Қазақстан қыздар құрамасы Қырғызстан астанасында өткен «Үміт» халықаралық турнирінде топ жарды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Турнир 2018 жылдың 17-22 шілдесі аралығында Бішкек қаласында орналасқан Долон Өмірзақов атындағы стадионда өтті.
Алаң иесі Қырғызстаннан бөлек Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген футболшылар күш сынасты. Нәтижесінде екі ойында жеңіп, бір рет тең түскен қазақстандық қыздар жарыс жеңімпазы атанды.
Турнир қорытындысы бойынша Александра Бурова үздік қорғаушы, Елдана Әйтімбетова үздік сұрмерген атанды.

Қазақстан - Өзбекстан - 1:1 (1:1)
Голдар: Л.Садықова 10 - Еркинова 21
Қазақстан: Оразбекова, Шолақова, Ташмет (Әбілғазиева 85), Иванова, Кенжетай, Л. Садықова (к), Әйтімбетова, А. Шалмұқанбетова (Махаматова 80), Бурова, Ф. Исмаилова, Көпжанова (Хасенова 52).

Қырғызстан WU-17 - Қазақстан WU-17 - 1:5 (0:2)
Голдар: Термес қызы 90+1 - Бурова 6, Әйтімбетова 20, Махаматова 49, Көпжанова 74, Иванова 81
Қазақстан WU-17: Оразбекова, Мұқашова (Махаматова 13), Әйтімбетова (Жәкішева 37), Шолақова, Көпжанова, Л. Садықова (к) (Әбілғазиева 38, А. Шалмұқанбетова 46), Ташмет, Кенжетай, Ф. Исмаилова, Бурова, Иванова.

Тәжікстан WU-17 - Қазақстан WU-17 - 0:4 (0:0)
Голдар: Әйтімбетова 47, 59, Бурова 74, Жәкішева 80.
Қазақстан: Оразбекова (Түймебаева 64), Әйтімбетова (Абылғазиева 87), Шолақова, А.Шалмұқанбетова (Сейіткереева 54), Ташмет (Мұқашова 74), Бурова, Иванова, Ф.Исмаилова, Кенжетай, Көпжанова, Махаматова (Жәкішева 46).

Турнирге қатысқан Қазақстан құрамасының тізімі:
Қақпашылар: Аружан Оразбекова (Астана), Әйгерім Түймебаева (Шымкент);
Қорғаушылар: Ясмина Мұқашова, Дилназ Жәкішева, Гүльмира Ташмет (барлығы - Астана), Александра Бурова, Алена Иванова, Фаиза Исмаилова (барлығы - Шымкент), Гүлім Кенжетай (Алматы);
Жартылай қорғаушылар: Елдана Әйтіимбетова, Айя Шолақова, Алина Шалмұқанбетова (барлығы - Астана), Сабина Махаматова (Шымкент), Жансая Көпжанова (Қызылорда);
Шабуылшылар: Лейла Садықова (Ақтөбе), Татьяна Герасимова (Ақтау).
Жаттықтырушылар штабы: Орынбасар Дәуренбекова - аға жаттықтырушы, Абдуваит Юлдашев - аға жаттықтырушының көмекшісі, Гүлнар Тұқтыбаева - дәрігер, Анастасия Журавлева - менеджер, Талғат Нұрмұхамбетов - администратор.
23 шілде 2018 ж. 1 045 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 85

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930