Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Универсиадада еліміздің қоржынына тағы төрт медаль түсті

Универсиадада еліміздің қоржынына тағы төрт медаль түсті

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жат­қан ХХХІ дүниежүзілік Жазғы уни­версиадада жерлестеріміз кезекті жүлделерімен жанкүйерлерін қуантып жатыр, деп хабарлайды baq.kz.
Бұл туралы egemen.kz жазды. Жарыстың кезекті күнінде еліміздің студент спортшылары тағы төрт медаль жеңіп алды.
Атап айтар болсақ, үш позициядан 50 метрге мылтықпен оқ атуда құрамында Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев және Никита Шахторин бар еліміздің ұлт­тық құрамасы мен жуырда ғана оқ ату спор­тынан Оңтүстік Кореяда мәресіне жеткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпио­натында топ жарған Никита Чирюкин Универсиаданың күміс жүлдегері атанды.
Сондай-ақ он метрден мылтықтан оқ ату бойынша командалық сайыста Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев және Никита Шахторин Үндістан мен Қытай өкілдеріне жол беріп, үшінші нәтиже көрсетті. Дзюдо бәсекесінде белдескен Асқар Нарқұлов та үздіктер қатарынан көрініп, ел қоржыны­на кезекті қола жүлдені салды.
73 кило сал­мақта белдескен жерлесіміз үшінші орын үшін өткен белдесуде Қырғызстан өкілі Шыңғысжан Сағыналиевтен басым түсті.
Екінші жарыс күнінің қорытынды­сы бойынша, жерлестеріміздің еншісінде ­5 жүлде (2 күміс, 3 қола) бар.
01 тамыз 2023 ж. 880 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 133

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 105

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 114

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031