Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » "Өз көзіме өзім сенбедін": 212 мың көлемінде жәрдемақы алдым

"Өз көзіме өзім сенбедін": 212 мың көлемінде жәрдемақы алдым

Аса мұқтаж және көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек тағайындала бастады, деп хабарлайды. Көпбалалы Асхат пен Ақтолқын Әлібековтер осыған дейін бес перзенті үшін 10500 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек алып тұрған.

Бес қыз тәрбиелеп отырған олардың бірі Ақтөбе қаласындағы арнаулы оқу орындарының бірінде қызмет жасаса, енді бірі қаладағы мектепте еңбек етеді. Ең кіші – егіз қыздары Жанерке мен Назерке төрт жасқа келсе, үйдің үлкені – он төртте.

"Елімізде мен сияқты көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін естігенде қатты қуандым. Биыл 1 сәуірден бастап тиісті мекемеге құжат тапсыру жұмыстары жүргізілетінін біліп, мен де қамдандым. Ол үшін жеке куәлігім мен жолдасым екеуіміздің еңбек табысымызды растайтын анықтама, сосын балаларымның туу туралы куәліктерінің көшірмесі қажет болды. Осы құжаттарды 12 сәуір күні Алматы ауданы әкімдігі ғимаратындағы халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырған едім", - дейді Ақтолқын.

Ерлі-зайыптылардың айлық табысы 100 мың теңгеге жетер-жетпестей екен. Отбасына алдын ала арнайы мамандар келіп, тұрмысын көріп, жәрдемақы көлемін есептеп те берген көрінеді.

"Бұған дейін қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары үйімізде болып, әлеуметтік карта толтырып, ай сайын біздің отбасымызға 106 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік жәрдемақы тиесілі екенін есептеп берді", - дейді.

Әлібековтер отбасы мемлекет тарапынан көрсетілген жәрдемге дән риза. Қуаныштары қойнына сыймаған олар Елбасына алғыстарын жаудырып, адал ниеттерін білдірді.

"Сәуір, мамыр айларына 212 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік жәрдемақыны қолыма алғанда қатты қуандым. Өз көзіме өзім сенбедім. Бұл — мен сияқты аналарға мемлекеттен көрсетіліп отырған үлкен қолдау. Сол үшін де Елбасыға ерекше алғысымды білдіремін", - деп қуанды көпбалалы отбасы.
13 мамыр 2019 ж. 1 551 0

Бүгінгi жаңалықтар

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031