Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кесірі көп «Кентавр»

Кесірі көп «Кентавр»

Қалыпты өмірге оралғалы біраз уақыт болды. Коронавирус инфекциясы қорқынышты түстей өтіп кетті деп ойлағанымыз рас. Дегенмен өткен айдың орта тұсында үрейлі хабар, ізін суытпай індеттің өзі де қайта тарала бастады. Коронавирустың жаңа толқыны бүкіл әлемге біртіндеп таралуда. Ғалымдар «Omicron» штамының жаңа мутациясына диагноз қойып, әлем аңыздарына арқау болған персонаж «Кентаврды» жаңа штаммға тели салды. Бұлай атауы да тегін емес. Зерттеулер көрсеткендей, «Кентавр» мутациялар саны көбірек және организмде Ковид-19-ға қарсы өндірілген антиденелерге төзімділігімен ерекшеленеді.
Белгілерін біліңіз
Жаңа «Centaur» штаммынан туындаған коронавирусты емдеуді қолға алған мамандар, вирустың бұл түрі адамнан адамға оңай берілетінін және үш-бес күндік қысқа инкубациялық кезеңге ие екенін айтады. Тек жоғарғы тыныс жолдарына алдымен әсер ететін «Omicron»-нан айырмашылығы, коронавирустың жаңа штаммдарына қатысты жағдай көңіл көншітпейді. Бұл көбінесе орталық жүйке жүйесіне зақым келтіретін, жоғары температура мен пневмонияны тудыратын Delta-ға ұқсайды. Әсіресе егде жастағы адамдар мен вакцинацияның толық курсын аяқтамағандар үшін қауіпті.
Байқасақ, коронавиустың ең алғашқы түрі созылмалы ауруы бар адамдарды көбірек әбігерге салған. Сол кезде төсек тартып қалғандар мұны қарапайым тұмауға теңеп, істі насырға шапқызғаны есте. Ақыры 2020 жылдың жазында жоқтау дауысы естілген шаңырақ кез келген көшеден табылды. Мұның бәрі індет белгілерін білмей, науқасқа жүрдім-бардым қараудың нәтижесі еді.
Ал қиял-ғажайып шығармаларындағы батыр есімін алған штаммды жұқтырғандардың басы ауырып, мұрынынан су ағады. Жөтел, иіс сезуінің бұзылуы, көздің бұлдырауы сияқты жағымсыз салдары байқалды. «Баланың табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін» деген жұрттың көңіліне сәл медеу бар. Құлыншақтар мұны ересектерге қарағандар жеңіл өткереді.
Санитар сақтыққа шақырады
ҚР Денсаулық министрлігінде қазір жұмыс қауырт. Басқа елдердей қазаны бөлек қазақты аман алып қалу, сақтықтың басқа да амалдары, елге екпе жеткізу туралы мәселелер бас көтертпей тұрса керек. Себебі тамыз айында өршуі мүмкін делінген ауру қазірдің өзінде әлем елдерін әбігерге салып, қазақстандық ондаған адамның денесін дендеп үлгерген.
– Елдер контекстінде соңғы аптада 92 елде аурушаңдықтың өсуі байқалды. Атап айтқанда, Әзірбайжанда аурушаңдық деңгейі 115, Жапонияда – 70, Польшада – 63, Ресейде – 49, Қытайда – 36 процентке өсті, – деді Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
COVID-19 омикрон штаммының нұсқасы әлемде таралатын басым нұсқа болып қала береді. Зерттелген үлгілердің 95% құрайды. Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, омикрон линияларының арасында «BA.5» және «BA.4» үлесі өсуде, оның ішінде «BA.5» 100 елде табылған. Бір апта ішінде барлық қатарлар арасындағы «BA.5» үлесі 54%-ке дейін өсті.
– Сонымен қатар, BA2.75 омикронының кентавр суб-варианты ДДҰ бақылауында. Ол 15 елде байқалады және барлық зерттелген үлгілердің 0,05% құрайды. Бұл мутациялардың басқа нұсқалармен салыстырғанда аурудың таралуы мен ауырлығына қаншалықты әсер ететіні туралы әлі ешқандай дәлел жоқ. Зерттеулер жалғасуда, — деді А.Есмағамбетова.
Айта кетейік, Қазақстанда 1 тамыздағы жағдай бойынша 26 687 адам індеттен арылу үшін ем алып жатыр. Оның ішінде 1 527 науқас стационарда, 25 160 науқас амбулаторлық емделуде. Қазіргі күні жаңа штамм жұқтырған 44 науқастың жағдайы ауыр, 10 науқастың жағдайы өте ауыр, 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Босаңсуға болмайды
Дәрігерлердің пікірінше, вакцинация әлі де өзекті. Өйткені ол инфекция қаупін азайтады және көп жағдайда аурудың таралуын тұсаулайды. Әлгінде айтқандай, балалар Кентаврды ересектерге қарағанда оңай көтереді, бірақ олар үлкен отбасы мүшелері үшін инфекция көзі болады.
Шыны керек, мезгіл сайын өзгеретін коронавирустың әртүрлі штаммдары маусымдық ауруға айналып бара жатыр. Ақыры адамдар адамдар оған үйреніп, қалыпты аурудай қарауы керек. Зерттеуші ғалымдар солай деп отыр. Сондықтан қарт адамдар, сондай-ақ созылмалы ауруға ұшыраған адамдар барлық сақтық шараларын сақтап, бетпердемен жүруді әдетке айналдыруы тиіс.
Бір нәрсе анық. Ешқашан босаңсуға болмайды. Күзде адамдар қала аралап, демалыстан қайтатындықтан, балалар мектепке, балабақшаға баратын болғасын тығыз байланыс басталады. Бұл аурудың тағы бір өршуіне оңтайлы жағдай жасайды. Сондықтан күзде міндетті түрде Covid-19 және басқа да тыныс алу жолдары ауруларының көбеюін байқаймыз.
Вакцинациядан кейін максималды қорғаныс дамуы үшін шамамен бір ай қажет екенін ескерсек, қазір тамызда күзгі маусымға дайындалу үшін Covid-19-ге қарсы вакцина алудың ең тиімді уақыты екенін түсінеміз. Дәрігерлер тым болмағанда міндетті түрде тұмауға қарсы екпе алуға кеңес береді.
2022 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы бірінші компонентпен 9 552 475 адам, екінші компонентпен 9 332 615 адам егілген. Пфайзердің бірінші компонентімен 1 233 914 адам, екінші кезеңінде 1 184 879 адам егілді. Екпенің бірінші дозасын – 871 839 жасөспірім, 41 435 жүкті әйел, 145 170 бала емізетін әйелдер алған. Екінші доза – 853 949 жасөспірімдер, 39 181 жүкті әйелдер, 141 172 бала емізетін әйелдер.
Сартай БАЙЖАН
02 тамыз 2022 ж. 339 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031