Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтың аялы алақаны 9 рет көрсетілді

Қазақтың аялы алақаны 9 рет көрсетілді

Бірінші наурыз – мейірімділік пен достық күні. Алғыс айту күні әрбір қазақстандықтың өз естеліктері мен жүрегінің түпкірінде аялап ұстап келе жатқан ізгі тілегі мен жылы сөздерін жарыққа шығаратын күн секілді. Бұл күнді әрбір қазақстандық отбасы ерекше жоралғы, ырыммен атап өтеді. Себебі олардың көбін тарих беттеріндегі қайғылы күндер – депортация мен репрессияның азабы байланыс­тырады. Сол себепті де біз Алғыс айту күні қарсаңында тағы да өткенге көз саламыз...

 Уақыттың өзіндік есте сақтау коды бар, ол тарих деп аталады. Әр жылдары Қазақстанның шетсіз-шексіз дарқан даласына түрлі ұлттың мыңдаған отбасы жер аударылды. Жат жерде олардың барлығын қонақжай қазақ ыстық құшағына басып, қамқорлығына алды. Ең бастысы, қазақтың киелі топы­рағында бұл халықтардың болашаққа деген үміт оты сөнген жоқ.
Соғыс және одан кейінгі жыл­дар­дағы жағдай бүкіл халыққа ауыр тигені ақи­қат. Сондай қиын кез­дің өзінде жергі­лікті қазақ хал­­қы сырттан келгендермен қо­лын­дағы соңғы нанын бөлісіп жеп, оларды басындағы аядай бас­па­насына паналатқаны жайлы әңгі­мелерді бала кезімнен жиі еститінмін.
Менің атам Давид Больгерт­тің отбасы – Ақмола облысын­дағы қазақ ауыл­дарының біріне жер аударылған неміс от­басы­ларының бірі. Депорта­ция­ның алғашқы қайғылы күн­дері барлық ер адамдар еңбек әс­керіне жегілген кез ең ауыр уақыт еді. Сол жылдары не­бәрі жеті жаста болса да атам анасын аш­тықтан аман алып қалу үшін ауыр жұ­мысқа жегілуге мәжбүр болған. Өт­кенд­і еске алғанда атам қазақ­тардың немі­стерге қалай көмек­тескенін жиі айтып отыратын. Екі халық бір-бірін жақсы түсініп, қиын жағдайда қолдау көрсе­тіп, қатар өмір сүрді. Қазақ тілі біз­дер үшін неміс тілінен кейін екінші тіл болды. Атам Давид қазақ­ша жақсы сөйлейтін. Тіпті қартайғанда қазақшаға судай болған ол кісі қазақша ойлап, қазақша тұжырым жасайтын. Өмірдің өзі үйреткен бұл білімін ол ғұмыр бойы ұстанып өтті.
Жетім қалған қаншама неміс баласын қазақ өз отбасына жатсынбай қабылдап, бауырына бас­ты... Қазақтың аялы алақаны мен кең мейірімділігінің арқасында немістер саяси нәубеттен аман қалып қана қоймай, осы жерде өз Отанын тапты. Қазіргі таңда олар республиканың барлық этносымен бірге басты құндылықтар – бірлікті, ұзақ мерзімді дамуды ту еткен Қазақ елінің құрамында өмір сүріп келеді.
Сондықтан Алғыс айту күнін, яғни Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың бастамасымен қолға алын­ған мере­кені мейірімділік пен дос­тық күні ретінде отандастарым зор ықы­лас­пен қабылдады. Бұл күні – Қазақстан халқы Ассамблея­сы құрылған күн. Біз­дің көп­этносты республикамыздың хал­­қын біріктірген бұл маңыз­­ды инс­титут­тың құрылған күні бәрі­мізге ыстық.
Ұрпақтар сабақтастығы – қо­ғам­­ның ұдайы дамуының ма­ңыз­­ды факторы. Бүгінгі жаһан­дану дәуірінде, өкінішке қарай, бұл құндылыққа үлкен қауіп тө­ніп тұр. Кейінгі ұрпақ ата-баба ерліктерін есте сақтап, өз хал­қы­ның тарихын біліп, оған ұқып­ты қарай ала ма? Бұл сұрақ бүгін­де аға буынның барлығын алаң­­датады. Ал, шындап келгенде, ұр­пақтар сабақтастығының сақ­талуы біздің әрқайсымыз­ға бай­ланысты. Біздің басты адам­гер­шілік парызымыз – ту­ған ел­дің, отбасының тарихи мұра­сын сақ­тау. Мемлекеттік мереке – Алғыс айту күні бұл қа­сиет­ті мін­деттің өзе­гін жоғалт­пау­ға ба­рын­­ша ық­пал етеді. Қазақ­­стан­­дық не­міс­тер­дің «Воз­рож­­де­ние» қо­­ғам­­дық қо­ры­­­ның бас­ты ба­ғы­ты да осы – жас­­­тар­ды Отаны мен хал­қына де­­ген сү­­йіс­­­­пен­шілік ру­хын­да тәр­­­бие­­­леу, осы құнды­лық­тар­ды ұр­пақ арқы­лы келер буынға жеткізу.
Депортация заманынан бері көп уақыт өтті. Жыл сайын сол қайғылы жылдар куә­герлерінің қатары да сиреп барады. Тағы біраз уақыт өткеннен кейін бұл зұл­матты жылдар туралы тек құжаттар мен фотосуреттер ғана сыр шертетін болады.
Бірақ бұл тұрғыдан келгенде Қазақстан немістерінің жолы болды. Белгілі қазақ-неміс жазушысы Герольд Бельгер бізге баға жетпес мұра қалдырды. Оның «Кезбенің үйі» романы – хал­қы­мыздың қайғылы тағдырын бейнелеген депортация мұра­жай-кітабы іспетті. Бұл ойдан құ­рас­тырылған оқиғалар желісі емес. Бұл – қаламгердің жеке өзі жү­ріп өткен тағдыр тауқыметі­­нің қайғылы әрі қилы жолы. Роман­ды оқи отырып, әрқай­сы­­мыз халқымыздың тарихын өз от­ба­сымыздың жүріп өткен жолы­­ның сүзгісінен өткізу ар­қы­лы көреміз: депортация, еңбек әс­кері, ар­найы қоныс... Жазушы қазақ­тардың қо­нақ­жай­лығы мен ме­йі­рімділігін талай ай­тып өтті. Соның арқасында неміс хал­қы аман қалып қана қоймай, этнос ре­тінде қалыптасты. Өмірінің соңына де­йін қа­лам­гер қазақтарға ризашылығын біл­ді­ріп, олардың мәдениеті мен дәстүрін құр­мет­теп, мінсіз деңгейде меңгерген қазақ тілі туралы әңгімелеп өтті. Бұл дәстүрді жа­зу­шы біздің ұр­пақ­қа да мұра етіп қал­дыр­­ды. Игі істі жалғастыру – енді біздің еншімізде.
Құрметті отандастар!
Сөз соңында сіздерді мемле­кет­тік мереке – Алғыс айту күні­мен құттықтауға рұқ­сат етіңіздер! Қиын-қыстау кезеңде ұлтына, түр-түсіне қарамастан бір-бірін қол­дап, бірлік пен келісім үшін бір жаға­дан бас, бір жеңнен қол шығарған қазақ халқына және республиканың бар­лық этносына ризашылығымызды біл­діре­міз. Осындай мызғымас бір­лік біздің мемлекетіміз – біз мақтан тұтатын Қазақстан Рес­пуб­ликасының іргесін берік ұстауға көмектесті.
Қымбатты отандастар! Сіздерді Алғыс айту – мейірім­ділік пен татулық күні­мен шын жүректен құттықтаймын!
24 ақпан 2021 ж. 2 346 0

Жұмылған жұмыс жемісін береді

28 желтоқсан 2024 ж. 107

Форум: Прогресс һәм жастар

28 желтоқсан 2024 ж. 109

Байқаңыздар, балақай!

28 желтоқсан 2024 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031