Қой экспортына тыйым салына ма?
Үкімет мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп тірі қойдың экспортына толық тыйым салу туралы ұсынысты қарады. Ұсынысты Қазақстанның қой өсірушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев жолдаған болатын.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, жыл басында елдегі қойдың басы 20,05 млн-ды құраған. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өсім 902 мың басқа (4,7 пайызға) тең. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Осы жылдың басынан бері төл есебінен қойдың басы 7,1 млн-ға ұлғайды. Осылайша, 1 маусымдағы дерекке сәйкес Қазақстандағы қойдың саны 27,1 млн-ға жетті.
Жыл сайын елімізде 172,4 мың тонна қой еті өндіріледі. Ішкі нарықты қамтамасыз ету көрсеткіші – 100,7 пайыз. Осы жылдың төрт айында Біріккен Араб Әмірліктеріне, Өзбекстан, Бахрейн және Ресей мемлекеттеріне 538 тонна қой еті экспортталды.
«Алайда қой шаруашылығы саласындағы басқа қоғамдық ұйымдар қой экспортына тыйым салу мәселесі фермерлердің қаржылық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін екенін жеткізіп, тыйым салуды енгізбеу жөнінде өз ұстанымдарын білдірді», деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ведомство биыл құрғақ ауа райы жағдайына байланысты оңтүстік өңірлерде азық бағасының өсуі байқалып отырғанын алға тартты. Шөптің аздығына байланысты фермерлер үлкен аумақтан жем жинауға мәжбүр. Бұл жанар-жағармай шығындарын және жем бағасын арттырады. Осылайша, жем-шөпті уақтылы дайындау және сатып алу мақсатында фермерлер төлдерін жазғы, күзгі кезеңдерде өткізуге мәжбүр болады. Бұдан бөлек, пандемияға байланысты экспорттық нарықтар толық қалпына келтірілмеді. Авиатасымалдау құны 2 есе өсті. Барлық өңірде артық қой етін экспортқа шығаруға мүмкіндік беретін заманауи сертификатталған ет өңдеу кәсіпорындары жоқ.
«Фермерлер мұндай қиын жағдайда тірі қойдың экспортына тыйым салу олардың қаржылық жағдайына теріс әсер етеді деп санайды. Сатып алу бағасының төмен болуына байланысты фермерлердің мал басын күтіп-бағуға жұмсаған шығындары өтелмейді және олар мал басын ұлғайтуға мүдделі болмайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыл шаруашылығы және қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығына сәйкес аналық ұсақ мал басын шығаруға тыйым салынған», деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі қой шаруашылығын дамыту үшін арнайы мемлекеттік көмек көрсетілетінін хабарлаған болатын. Асылдандыру жұмыстары, асыл тұқымды мал басын сатып алу, бордақылау алаңдарына немесе етті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілген қошқарлардың құны, сондай-ақ шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтер субсидияланады.
Сөйтіп, тараптардың пікірлерін ескере отырып, ведомствоаралық комиссия тірі қойдың экспортына толық тыйым салу әлі жетіліп-піспеген мәселе деген тұжырымға келді. Талқылау қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы күзде қой етін өндіру және сату секторының теңдестірілуін қамтамасыз ету мақсатында тірі малды экспорттауды квоталау тетігін енгізу тапсырылды.