Шешенстан президенті Қадыровтың ұлы түріктің «Жаужүрек Ертұғрыл» сериалына түсті

Шешенстан басшысының ұлы Адам Қадыров түріктің «Жаужүрек Ертұғрыл» сериалына түсті. Бұл туралы елдегі ақпарат құралдары Шалинск әкімшілігінің басшысы Турпал-Али Ибрагимовке сілтеме жасап хабарлады.
Адам Қадыровтың сериалға түсіп жатқаны туралы Турпал-Али Ибрагимов желіде хабарлаған. Алайда, баланың қандай рөлді сомдайтыны айтылмапты.
«Адам барлық жағынан алда келеді, оқуда озат, спортпен де айналысады, түрлі наградалары бар. Киноға түсіп, өзін жаңа қырынан танытты», — деп жазған шенеунік.