Туылған айыңыз сіздің денсаулығыңызға әсер етуі мүмкін
Адамның дүниеге келген уақыты оның өміріне тікелей байланысты. Нумерологтар адамның тағдыр санын есептеу арқылы оның өміріндегі орын алатын өзгерістерді болжап берсе, астрологтар туылған жыл мезгілі мен айына қарап адамның денсаулығындағы ақауларды анықтауға болады дейді.
Мысалы, қаңтар айының тумалары ер мінезді, қайсар және көшбасшылық қасиеттері жақсы жетілген болып келеді. Олар асқазан жарасы, іш аурулары мен жүрек ақауларына жиі шалдығады.
Жалпы қыс айларында туылған жандардың бойында өз мақсатына жетуге деген талпыныс аса қатты байқалады, және оларда көбіне қалқанша без аурулары, депрессия және тыныс мүшелері жолдарының ауруы кезігеді.
«Көктем» адамдарында эмоционалды түйсігінің жоғары деңгейде дамуы мен өмірге деген құлшынысы ерекше байқалады. Бұл мезгілдің адамдары астма және жүрек ауруы (наурыз), остеопороз, остеохандрит (сәуір) және депрессия мен қант диабеті (мамыр), сонымен қоса, қан қысымының ауруларына жиі шалдығады.
Жаз айларында өмірге келген адамдар өте коммуникативті және аса құпияға толы жан болуы да мүмкін. Олар көбіне романтикалық типке жатады. Жаз адамдары көбіне ревматизм мен жүрек аурулары (маусым), артрит, қалқанша без аурулары мен тыныс мүшелерінің ауруларына (тамыз) шалдығады.
Күз айларында туылған жандар ауыспалы көңіл-күйге, тік мінезге ие және олар көбіне прагматик болып келеді. Олар жиі сырқаттанатын аурулар тізімі: остеопороз, анемия, бас сақинасы, жүрек-қан-тамыр аурулары.