Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » СССР-дегі тұңғыш террорлық жарылыс

СССР-дегі тұңғыш террорлық жарылыс

ХХ ғасырдың 70-жылдарында өмір алаңсыз, тоғызыншы бесжылдық жоспар асыра орындалғаны туралы жарияланды. Халықтың барлығы жұмыспен қамтылғандықтан әрі болашаққа деген зор сеніммен жаңа-жылды қарсы алып, күнделікті жұмысқа қосылып, жатқанда Москва метросында үлкен жарылыс болды. Бұл СССР-дегі тұңғыш рет болған террорлық акт еді. Кеңес адамдары бұндай террорлық жарылысты теледидардағы «Халықаралық понорамма» хабарынан көріп, шетелде ғана болады деп ойлайтын. Социализм жеңген елде террорлық жарылыс болады деу ешкімнің де ойына келмейтін.

1977 жылдың 8 қаңтарында Москва уақытымен 13:15-те, Москва метросының Измайлов станциясында болған жарылыстан 7 адамның денесі бөлшектеніп, 38 адам ауыр жараланып, қалғандары жеңіл жарақат алды. КГБ-нің жедел уәкілі А.Михайлов пен машинист В.Дмитреев вогонға кіргенде, іші адам қанына толып, шылқып тұрды.
КГБ төрағасы Ю.В.Андропов бұл жарылысты бірден «террорлық акт» деп, Завидово орманында аң аулаға шыққан, КПСС ОК-нін, бас хатшысы Л.И.Брежневке хабар берді. Осы жарылысқа ­байланысты Кремльде Саяси бюросы мүшелері басқосып мәжіліс өткен уақытта, сағат 18:05-те «Ұлы Октябрьдің 25 жылдығы» көшесіндегі №15 гастрономда екінші жарылыс болды. Сонымен әбігерге түскен мезетте, Қызыл алаңға таяу жердегі урна ішіне салынған үшінші бомба жарылды. Қылмыскерлерді іздестіру үшін «Жарылыс» (Взрыв) атты операцияны, КГБ төрағасы Ю.В.Андроповтың өзі басқарды.
Бүкіл Москвадағы құқық қорғау органдары аяғынан тік тұрғызылды. Вокзал, аэропорт, кинотеатр, ресторан сияқты адамдар көп жиналатын жерлер, автокөліктер тексерілуі, ешқандай нәтиже бермеді.
Жаз айында метродан «бомба» деген жазуы бар шаруашылық сөмкесі табылды. Метродағы барлық жолаушылар шығарылып, саперлар келіп тексергенде, ішінен екі селикат кірпіш шықты. Қылжақпас Москва мединститутының студенті болып шықты, жазасын сот берді.
Жаздың соңғы айында Ереван қаласындағы КГБ басқармасына орталық почта қызметкерлері телефонмен жас жігіттің күдік туғызатын телеграмма салғанын хабарлады. Телеграмма мәтіні «Ауруханада жатырмын, бұл жер жұмақ, металды қашан жібересіңдер?» делінген. Телеграммашы адам анықталды. Ол 1966 жылы экранға шығып, көрермендерді жалықтырмайтын вестренге айналған «Ұстатпайтын кекшілдер» фильмінің режиссері Эдмонд Кесоянның баласы Давид болып шықты. Ол да телеграмманы Москвадағы досына әзілдеп жолдаған болды. Өйткені ірі қалалардың барлығында органдар күшейтілген жағдайда жұмыс істеп жатқанын көпшілік білетін еді. Алда Ұлы Октябрьдің 60 жылдығы тақалып қалды. Террористер ендігі жарылысты 7-ші қарашада Қызыл алаңда ұйымдастыруы мүмкін деп, Москвада тексеру күн-түні тоқтаған жоқ.
Мерекеге бір апта қалғанда 30 қазан күні «Курск» вокзалында теміржол желілік милиция жолаушылардың паспортын тексеру кезінде кавказдық екі жігіт орындарынан тұрып шығып кетеді. Милиционерлер әлгі екеу отырған жерден сөмкені байқап, жолаушыларда шығарып, саперлер дорбадан қолдан жасалған бомбаны істен шығарады. Жарылыс механизімі «Слава» қоңырау сағаты арқылы қосылып тротилль жарылатындай етіп жасаған екен. Сөмке ішінен «Олимпика» деп аталып кеткен, спорттық шалбардың жоғарғы сыңары болды.
Дереу барлық бағыттағы пойыздар тексеріледі. Күдікті жігітті купедегі екінші текшеде ұйықтап жатқанда оятады. КГБ-нің оперативті қызметкері «шұлығың жақсы екен, қолдан тоқылған ба?» деп балағын көтергенде, олимпиканы шалбарынан танығасын, жерге атып ұрып, қолына кісен салды. Қасындағы жолаушылар да қырағылық көрсетіп, екіншісін келесі купеде келе жатқанын айтты.
Тұтқынға алынғандар Акоп Степаниян мен Олег Багенасиян еді. Тергеу барысында жарылысты ұйымдастырған Степан Затикаян екені анықталды. Ол мектепті алтын медальмен бітіріп, Ереван политехникалық институтында оқып жүргенде, курстасы Шаген Арутян және суретші Айказун Хачатрянмен бірігіп, 1966 жылы Ереван қаласында «Арменияның ұлттық партиясын» құрған. Жасырын «Маяк»(Парос) газетін шығарғаны үшін сотты болып, жазасын өтеп шыққан саяси қылмыскер болып шықты.
1975 жылы кеңес азаматтығынан бас тартамын, «менің шетелге кетуіме мүмкіндік беріңдер» деген өтінішіне рұқсат берілмейді. 1979 жылы 16-20 қаңтар аралығындағы СССР Жоғарғы сотының жабық мәжілісі болады. СССР-да атом сутегі бомбасын ойлап тапқан, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері академик А.Сахаров Затикаяның жас екі баласы барын алға тартып, ату жазасын бермеуі жөніндегі өтініші де есепке алынбады. Соттағы соңғы сөздерінде үшеуі де, Кеңес үкіметін жек көргендіктен жарылысты әдейі жасағанын атап көрсетті. Үшеуі де ату жазасына кесілді, үкім 5 күннен соң орындалды. Қазір заман өзгергесін, үшеуі де ақталып, армян халқынын ұлттық батыры ретінде дәріптелуде.

Бақытжан АБДУЛ-ТҮМЕНБАЕВ,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі

23 ақпан 2021 ж. 2 536 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930