Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қытайды ыдыратуға талпынғандардың денесі мыжылып, сүйегі талқандалады"

"Қытайды ыдыратуға талпынғандардың денесі мыжылып, сүйегі талқандалады"

Қытай президенті Си Цзиньпин Қытайды ыдыратуға талпынғандардың "денесі мыжылып, сүйегі талқандалады" деп мәлімдеді. Бұл туралы AFP жаңалықтар агенттігі хабарлады. Centralasian.org сайтының жазуынша, Си Цзиньпин өткен демалыс күндері Непалға сапары барысында осындай мәлімдеме жасаған.

Жексенбіде Гонконгте шерушілер мен полиция қақтығысып қалған. Оның үстіне, Қытай өз аумағы деп қарастыратын Тайваньда да жағдай шиеленісе бастаған. Бұның алдында Қытай Гонконгтегі бас көтерулерге "сыртқы күштер" дем берді деп мәлімдеген. AFP мақаласында "шиеленіс ошағының" бірі ретінде Шыңжаң өңірі аталды. Мұнда ислам дінін ұстанатын түркі тілдес халықтарды "саяси тәрбиелеу лагерьлерінде" ұстап отыр. Батыс елдері мен адам құқықтарын қорғаушылар Қытайды Тибет пен Шыңжаңда аз ұлттарға қысым жасады деп айыптады. 2018 жылы БҰҰ "экстремизммен күрес орталықтарында" Шыңжаңның тұрақты түркі тілдес миллионға жуық тұрғыны отыр. 20 мыңға жуық тибеттік Непалға қашып барған, дегенмен қазіргі коммунистік билік Бейжіңнің қысымымен оларды қатаң тәртіпте ұстап отыр деп жазды AFP. Гонконгтегі наразылық төрт айдан бері жалғасып келеді. Наразы топ әуелі күдіктілерді Қытайға экстрадициялауға жол беретін заңға қарсы шыққан. Енді олардың талаптары да көбейе түсті. Қазір наразы халық қаланың автономиясы мен гонконг басшылығының биліктен кетуін талап етіп отыр.

15 қазан 2019 ж. 665 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031