Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға шетелден әкелінген еттен инфекция анықталды

Қазақстанға шетелден әкелінген еттен инфекция анықталды

фото: ашық дереккөзден
Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері жеті елден тасымалданатын ет өнімдерінен адам денсаулығына қауіп төндіретін инфекциялар таралғанын анықтады,- деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ал мамандар әсіресе жаз мезгілінде етті дұрыс таңдай білу керек екенін айтады. Өйткені жылы жерде ұзақ уақыт қалып қойған өнімдегі бактериялар мен құрттар түрлі ауруларды қоздырады.

Информбюро жазғандай, қазіргі таңда Австралия, Италия, АҚШ, Грузия, Польша, Оңтүстік Африка республикасы мен Үндістаннан елімізге ет тасымалдауға уақытша шектеу қойылды. Өйткені бұл елдерде құс тұмауы, африкалық шошқа обасы және ұсақ малдардың обасы секілді қауіпті аурулар тарап жатыр.

Мамандар түсі ал-қызыл емес, басқа реңдер көрінген етке жоламаған дұрыс дейді. Себебі ет өнімдерінде дәруменмен бірге түрлі бактерия болуы мүмкін. Әсіресе, өнімнің түсі мен иісіне мән берген жөн. Сондай-ақ еттен шырыш бөлінбеу керек, яғни қол тигізгенде құрғақ болғаны абзал.

“Етті таңдар алдында сапа сәйкестігін растайтын құжатын талап ете алатынына кеңес беремін. Ол құжат ветеринариялық анықтаманың ішінде еттің түсі, түрі, сапасы, балғындығы, қай кезде сауда орнына жеткізілді. Қай күні зертханалық зерттеуден өткізілді, белгілі маманның еттің сапасын, қауіпсіздігін дәлелдейтін мөрінің болуы және рұқсат етілген белгісінің болуы. Осы анықтама болған жағдайда етті тұтынуға болады”, – деді Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Меруерт Битасов.

Жалпы, ауру малдың еті тұтынушыға қарағанда, оны сойған адамға қауіпті дейді мамандар. Сондықтан етті тағамға қоспас бұрын әбден қайнатып алған дұрыс.
08 маусым 2024 ж. 228 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 142

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 126

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930