Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шәкірт алдында шоқтығы биік

Шәкірт алдында шоқтығы биік

Жерлесіміз, экономика ғылымының докторы, профессор, ұзақ жылдар табан аудармай ғылымды өркендетуге ерен еңбегі сіңген адам – Орақ Алиев. Ғылыми жұмыстарының негiзгi бағыты жер меншiгi мәселесi, жер рентасы теориясы, жалпы ғылым туралы тұжырымдамаларға арнаған Орақ Жолмырзаұлы туған жерімізден түлеп, ғылым саласын өркендетуге ден қойған. Оның ғылыми мектебі бүгінде қанатын кеңге жайып, ғалымның алдын көрген шәкірттерінің өзі талай буын ұрпақты тәрбиелеп, аға буын өкілдеріне айналып үлгергені қашан?
Бүгінде Орақ Жолмырзаұлы құнды 300-ден астам еңбектiң, оның iшiнде екi ғылыми монографияның, бiрнеше оқу-әдiстемелiк құралдары, ғылыми мақалалар мен ғылыми еңбектері ұрпаққа білім нәрін себуде талай буынға жарық сәуле сыйлауда. Ғалым ағаның есімімен бұрын да етене таныс болатынмын. №226 Б.Мергенбаев атындағы гимназияда қызмет еткен кезде Күләш Мергенбаеваның ұйымдастыруымен өткен керемет кездесуге қатысып, білім ордасына ғылыми жетекші болғанын, білімге құштар оқушыға тегін жоғары оқу орнына түсуге қайырымдылық көмек көрсеткенінің куәгері болған едім.
Менің нағашым Құдайбергеннің естеліктерінен отбасылық дос, сенімді серік, сырлас замандас екенін білетінмін. Араға жылдар салып, жуырда №249 мектеп-лицейдің залында ғалым ағамен кездесу бақыты бұйырып, бетпе-бет сұхбат жүргізудің сәті түсті. Адам ұлы болған сайын қарапайым бола түседі екен. «Қарапайым адам жеміс ағашына ұқсайды, мәуесі бар бұтақтың жерге иілуі – жемістің көптігінен» дегенді оқып едім. Расымен де, жағымды қоңыр дауысымен, кішіпейіл көңілімен, ұғынықты тілімен кездесуге қатысушы биылғы түлектерді баурап алды. Бір сағат ішінде өмірлік дағдыға айналар қаншама кеңес берді. 30 жылдық тәжірибесі бар педагогтан бала тәрбиесінде білмеген қызықты ақпаратымды алдым. Білімнің қажеттілігін, кітаптың құндылығын, мамандық таңдауда ескеретін құнды қағидаттарды айтып, жастарға ой салды. Адами құндылықтарды өн бойына жинаған тұлға екенін танытты. Бір сағаттық кездесудің әсері көпке дейін талқыға түсіп, балалар жақсы әсермен тарқасты. Өмірлік қажет ой түйді деп ­ойлаймын.
Жетпіс жетінің желкенін көтерген Орақ Жолмырзаұлы өзіне тән ұстаздық болмысы, байыпты көзқарасы, терең білімі, замана көшіне лайық көреген ойлары әрбір адамға теңдессіз тағылым сыйлай алатын жан екеніне тағы бір мәрте көзім жетті. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Дегенмен Орақ ағайдың ұстаздық шоқтығы биік тұр. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Мәртебеңіз биіктеп, құрметтің қошеметіне бөлене беріңіз ғалым аға.

Мафруза БАҚИҚЫЗЫ,
Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей
директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
29 наурыз 2022 ж. 702 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031