Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2022 жылғы Ораза кестесі

2022 жылғы Ораза кестесі

Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ораза кестесін мына жерден де жүктеп алуға болады. Биыл пітір садақа мөлшері жан басына 500 теңге болып белгіленді. Пітір садақаны рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Оразаға ниет ету дұғасы: Алла разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.
Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым. Саған иман келтірдім. Бір өзіңе тәуекел еттім. Өзің берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла, менің біліп-білмей істеген күнәларымды кешір!

Сәресі ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады. Ауызды ақшам намазының уақыты кіргенде сумен, құрмамен немесе басқа да жеміспен ашуға болады.Тарауық намазы құптан намазынан соң оқылады. Ал үтір-уәжіп намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.
28 наурыз 2022 ж. 6 604 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031