Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыламау үшін не істеу керек

Жыламау үшін не істеу керек

Жылау – адам қуанғанда, күйзелгенде немесе қайғырғанда болатын табиғи процесс. Дегенмен, ондай кездері жыламағанды жөн санасаңыз, көз жасын қалай тоқтатуға болады? The New York Times басылымында жарияланған мақалада автор осы сұраққа жауап беруге тырысады.
«Жылау табиғи процесс болғанымен, көпшілігіміз басқа адамдарға көз жасымызды көрсеткіміз келмейді. Мұндай жағдайда не істеуге болады?» дейді мақалада. Бұл ретте автор «Why Only Humans Weep: Unravelling the Mysteries of Tears» (Неге адамдар ғана жылайды: көз жасының құпиясы) атты кітапта адам жылағанда дауыс немесе жас шығаратыны жазылғанын айтады.
«Нидерландыдағы Тилбург университетінің клиникалық психология профессоры Вингергетс нәрестелер дауыс шығарып жылайтынын айтты. Жануарларда да солай. Кейін адам өсе келе жас шығарып жылайтын болады. Оның айтуынша, біз жылағанда эмоционалды стимул миға белгі жібереді және содан кейін көзімізден жас шығады. Балалар мен нәрестелер дене жарақатынан немесе бір жері ауырғаннан жылайды. Ересектер олай емес», – деп жазады автор.
Мақалада айтылғандай, Питтсбург университетінің психиатрия және психология кафедрасының доценті Лорен Быльсма адамды жылататын жағдайларда миға белгі жіберетін эмоционалды стимулды шектеуге болатынын жеткізген. «Мысалы, сізді жылатуы мүмкін жағдайды алдын ала елестетіп, ең жаман сценарийді ойыңызда ойнатып көруге болады» – депті доцент. Ал егер көп адам жиналған жерде жыласаңыз, көз жасыңызды тоқтатудың бірнеше жолы бар.
Вашингтондағы дене тілі институтының мамандары көз жасын тоқтатуға болатын жолдарды атады. Біріншіден, тіліңізді таңдайыңызға қатты тигізіңіз. Екіншіден, беттің бұлшық еттерін босаңсытуға болады. Үшіншіден, терең демалыңыз. Төртіншіден, бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы теріні шымшуға болады», – деп жазылған мақалада.
25 қазан 2018 ж. 2 313 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930