Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпті өрлететін 7 қадам

Кәсіпті өрлететін 7 қадам

Әрбір адам кәсібін дамытып, жетістікке жеткісі келеді. Былтырғы тапқан табыстан екі есе жақсы тапсам дейді, себебі сонда ғана дамып, дұрыс бағытта әрекет етіп жатқанын түсінеді.

1. Нақты бағыт таңдау

Екі түрлі тізім жасаңыз: қабілет пен дағдыларыңыздың және айналысқыңыз келетін нәрселердің тізімін құрастырыңыз. Қосымша дайындықты, ірі көлемдегі қаржылай салымдарды қажет ететіндерді тізімнен сызып тастап отырыңыз. Тізімде қалғандарын қабілетіңіз бен мүмкіндіктеріңізбен салыстырыңыз. Соның ішінен болашағы бар, сұранысқа ие істі таңдаңыз. Алдағы бес жылдық даму жоспарын ойластырыңыз. Денсаулық жағдайыңызды, қаржылық мүмкіндіктер мен күш-қуатыңызды өлшеп, саралаңыз. Бағытыңыз бен қабілетіңіздің үйлесімділігі кәсібіңізді дамуға жетелейді.

2. Идеяңыз бірегей әрі өзгеше болсын

Кейбіреулер мұны кәсіпте маңызды емес деп ойлауы мүмкін. Бәлішті қалай сатсаң да, ол бәліш боп қала береді, дөңгелек жөндеу ісінде тауар болса болды деп ойлайтындар бар. Алайда нарықта бәсеке көп. Әрине жаңа тауармен шығу міндетті емес. Дегенмен кәсіптің басқалардан ерекшелігі оның өрлеуіне сеп болады. Қызметтің сапасы жоғары әрі басқалардан өзгеше болуы маңызды. Демек бәсекелестеріңізде табылмайтын бірегей идеяға негізделген кәсіптің болашағы бар.

3. Құқықтар мен міндеттерді білу

Тек салық төлеу, әр түрлі қорларға аударым жасау және заңсыз әрекеттерге қатысты жазалауға және т.сс. міндеттерді білу жеткіліксіз. Себебі мемлекет жеңілдіктермен, субсидиялармен қолдау көрсете алады, тіпті заңды түрде еңбек қызметін бастауға көмектеседі, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын ұсынады. Заңды білместіктен, міндеттеріңіз мен құқықтарыңызды қолданбай, жақсы мүмкіндіктерден құр қалып қоймаңыз.

4. Бизнес және даму жоспарын құру

Кәсіпте әрбір пунктті егжей-тегжейлі қарастырған жөн: қызметкерлердің саны, сатылымдар, үй-жайға төленетін ақша барлығы қағазда көрсетілуі керек. Цифрлар барынша нақты болуы тиіс. Жоспар іске асқан уақытта қадамдарды бақылау және іске асыру оңай болады.

5. Бәсекелестер туралы ақпарат жинаңыз

Кәсібіңізге ұқсас істі, қызметті мұқият талдап, сол туралы егжей-тегжейлі білу арқылы нақты қадамдар жасай аласыз. Кәсіпте ең бастысы өзгелер арасында жоғалып кетпей, керісінше көріну.

6. Бастапқы жарна

Бизнес бастау үшін ең алдымен өз бизнес жобаңызды сынап көруге жеке қаражатыңызды жұмсаған жөн. Кез келген кәсіп бастарда шығын қатері болады. Нақты ойластырылған бизнес жоспар арқылы несие алмай қаржылық тәуекел еткеніңіз жөн. Осыдан кейін барып банктен несие ала аласыз. Бұл ретте сізге ВТБ Банкі қолайлы мүмкіндіктер ұсынады.

Банкте қазақстандық кәсіпкерлердің бизнесін өрлету мақсатындағы шағын бизнеске арналған әртүрлі несие бар.

ВТБ банкі клиенттерге несие алудың мынадай артықшылықтарын береді:

Әр клиентке жеке әдіс;
өтінімдерді қысқа мерзімде қарастыру;
құжаттардың ең аз пакеті;
бизнес-жоспар талап етілмейді;
кепілзаттық қамсыздандырудың икемді жүйесі.
Сондай-ақ, ВТБ Банкі кез келген ауқымда несие береді. 300 000 теңгеден басталатын "Бизнес-Экспресс" несиесін немесе ірі көлемдегі жобаларға арналған 75 000 000 теңгеден басталатын "Премиум несиесін"ала алуға әдбен болады.

Шағын бизнеске берілетін несие түрлерімен толығырақ келесі сілтеме арқылы таныса аласыз.

Ал онлайн өтінім қалдыру үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз.

Назар аударыңыз: ВТБ Банк бизнестің бастапқы кезеңінде несие бермейді және нәтижесін көрсетпеген бизнесті қаржыландырмайды.

7. Құжаттарды рәсімдеу

Кәсіп ашу үшін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өту керек. Ол үшін ХҚО арқылы бекітілген құжаттарды апарып немесе egov.kz порталы арқылы ЭФҚ-ны қолдана отырып онлайн түрде тапсырасыз.

Осыдан кейін сізге шот ашу керек болады. ВТБ-ның кез келген кеңсесінде немесе бөлімшесіне барып немесе онлайн түрде өтінім қалдыру арқылы шот аша аласыз. Банк шоттары қазақстандық теңгеде, ресей рублінде және шетелдік валютада – АҚШ доллары мен Еврода ашылады.
stan.kz
07 мамыр 2020 ж. 754 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 58

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 51

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930