Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы қорындағы қозғалыс

Зейнетақы қорындағы қозғалыс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ел азаматтары кәрілікке жиған ақшасының бір бөлігін нақты мақсаттарға жұмсау үшін алуына болатынын мәлімдеді.
Аталған мәселе жайында Президент бұған дейін де сөз қозғағанын көпшілік ұмыта қойған жоқ. Бірақ нақты тапсырма беретін күнді асыға күткен. Өйткені әлеуметтік жағдай алқымнан алған кезде көпшіліктің сонда жиған қаржысы бірінші ойға оралатын. Десек те қарттыққа арналған ақшасына бұрыннан қол жеткізе алатын адамдар санаты болғанын жұрт біле бермейді. Бұл жайында аудандық зейнетақы қорының басшысы Ринат Аяпберген айтып берді.
– Елдегі азаматтардың зейнет жасында өзін-өзі қамтамасыз етуі билік тарапынан дұрыс реттелген. Қарттығын қамтамасыз етудің арқасында мыңдаған қазалылық зейнеткер ай сайын уақытылы төлемін алып отыр. Ал ел Президенті берген тапсырманың нақты формуласы әлі нақтылануда.
Жеке тұлғаның зейнетақы қорындағы қаржысын шешіп алуына болатын бірнеше санат бар. Мәселен ел азаматы шетелге тұрақты түрде көшіп, сонда қалуды шешсе жинақтағы қаржысы қайтарылады. Сонымен бірге І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар өмірлік мүгедектікке шықса да қормен есептессе болады. Ал зейнеткерлікке шыққан қариялар сұраныс жасатса жиған қаржысы есептеліп, ай сайын алатын зейнетақысына қосылып беріледі, – дейді ол. Қасым-Жомарт Кемелұлы кезекті Жолдауында ел тұрғындарының зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мәселесін көтерген болатын. Мұндай ерекшелік әсіресе қазіргі маңызды сәтте азаматтарды қолдауға бағытталғаны түсінікті. Сонымен 2021 жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға, емделуге жұмсауға мүмкіндік алады. Сәйкесінше өз еркімен басқарушы компаниялардың иелігіне беруге құқылы болады. Мемлекет басшысы Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп осы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдап, дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Бұл реформа жылдар бойы аянбай еңбектеніп, сонда да басында ­баспанасы жоқ адамдарды қолдау, еңбек қатынастарын ашық әрі заңды жүргізіп, зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыратын пәрменді құралға айналдыру мақсатында қолға алынғаны анық. Бұдан бөлек өз бетінше баспана мәселесін шешуге табысы жетпейтін азаматтарға тиімді әлеуметтік көмек көрсетілмек. Бұл үшін биылдан бастап «5-10-25» бағдарламасы жүзеге асырылады. Қазірдің өзінде бұған 390 миллиард теңге бөлінген. Осынша қомақты қаржымен Үкімет үй кезегінде тұрған адамдардың баспана мәселесін де тезірек шешуді көздеп отыр.
Бұдан бөлек ел Президенті жер үйлерге арналған жердің баяу берілетінін, тұрғын үй салу ісі ақырын жүретінін атап айтып, олқылықты жоюды тапсырды.
– «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы жеке тұрғын үй салу ісі баяу жүріп жатыр. Мұның басты себебі – үй салынатын аумақты дайындау ісінің қарқыны төмен. Өйткені заң бойынша су және электр желілері жүргізілген аумақтан ғана жер беріледі.
Жер үй тек баспана ғана емес, сондай-ақ табысы аз, әсіресе көп балалы отбасылардың экономикалық тірегі де бола алады. Үкімет пен әкімдіктер әлеуметтік жер үйлер салынатын учаскелерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету ісін жеделдетуі қажет. Бұл ретте, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті де қолданған жөн, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
10 қыркүйек 2020 ж. 629 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930