Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның діни бірлестіктері Наурызбен құттықтады

Қазақстанның діни бірлестіктері Наурызбен құттықтады

Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдері Наурыз мейрамымен барша Қазақстан халқын құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Наурыз - жылудың, жарықтың, Құдайдың қолдауымен көктемнің келуі мен табиғаттың жаңаруы символы. Осы тамаша күндері бүкіл Қазақстан халқы, оның әрбір азаматы өз елінің ажырамас бөлігі екендігін жүрегімен әрі жан-тәнімен сезініп, өзінің туған табиғатымен және ұрпақтан-ұрпаққа ұқыпты түрде беріліп келе жатқан ата-бабалардың қасиетті дәстүрлерімен ажырамас байланысын түсініп, ең маңыздысы, оның бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілікті терең сезінеді. Наурызға деген осындай қастерлі қарым-қатынас ел азаматтарының өзінің ежелгі және ұлы тарихымызға, бай мәдениетімізге, ата-бабаларымыздың мұрасына деген терең құрметін білдіреді. Сонымен бірге, бұл біздің халқымыз түрлі сынақтарға, бұрын және жақында өткен қиын кезеңдерге қарамастан, әрқашан Құдайдың дүниетанымы мен жаратылысының мәнін анықтайтын ұлы рухани және адамгершілік құндылықтарға берік екендігінің айқын дәлелі болып отыр», - делінген құттықтауда. Бұл күндері қазақстандықтардың ұлтына, тіліне және діни сеніміне қарамастан, мұқтаж адамдарға көмектесуде ізгі ұмтылыстарға бірігуінің, өзара ескі реніштерді кешіруге әрі бір-біріне жақсылық тілеуінің маңызы өте зор. «Мереке әлемде болып жатқан оқиғалар аясында әрқайсымыздың қоғамдағы келісім мен үйлесімділікті, біздің көпэтносты және көпконфессиялы мемлекетіміздегі бейбіт пен тыныш өмірді бағалауымыздың және қорғауымыздың қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік береді. Әлемнің барлық елдерінде және бүкіл жер шарында бейбітшілік орнасын! Қоғамда жоғары руханият пен жарқын болашаққа деген сенім орнасын! Жаратушымыз Қазақстанды әрдайым жарылқасын!», - деп аталып өткен Қазақстанның діни бірлестіктері өкілдерінің құттықтауында.
21 наурыз 2022 ж. 271 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 121

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031