Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәртіпке бас ие білейік

Тәртіпке бас ие білейік

Бүгінгі қоғамның басты дерті – сыбайлас жемқорлық екендігі жасырын емес. Соңғы кездері бұл індеттің «тамырын» шабуға қарсы көптеген нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Жемқорлыққа қарсы күрес бүкілхалықтық сипатқа ие болып отыр.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді. Заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзы­луына әсер етеді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару орын­дарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орында­луын қамтамасыз етуге міндетті. Ұйымдасқан қылмыспен немесе сыбайлас жемқорлықпен айналысқан күдікті тұлғаның мүліктік және қаржылық жағдайын, оның зайыбын, жақын туыс­тарын, олармен бірге тұрған басқа да тұлғаларды, сондай-ақ күдіктінің иелік еткен оның қолданған мүлігін, құралдарын тексеруге құқығы бар.
Қызмет бабын пайдаланып, мемлекет мүлкін талан-таражға салу, ақ адал жандардың обал, сауабын аттап, имандылық қасиеттерден жұрдай болуға әкеліп соқтырады. Мүлік теңсіздігі пайда болған тұста қылаң берген жемқорлық сипатындағы қылмыстардың түп-тамырын қуалап көрсек, оған жол беретіндердің көпшілігі «алаған қолым береген» деген ұстанымды жақсы көретін жеңіл ойлылар.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республи­касының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге борышты.
Сондықтан әрбіріміздің жадымызда «Мен жемқорлыққа қарсымын!» деген патриоттық сана жаңғырып, тәртіпке бас ие жүргеніміз мақұл.
Қуандық ЕРБОЛАТОВ,
Қазалы аудандық тарихи- өлкетану
музейінің ғылыми қызметкері
14 тамыз 2018 ж. 2 287 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031