Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Ел тәртібін түзеткен, тыныштығын күзеткен

Ел тәртібін түзеткен, тыныштығын күзеткен

"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен партияның "Жастар Отанға!" жобасы аясында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «Ел тәртібін түзеткен, тыныштығын күзеткен» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Шараға аудандық партия филиалы аппаратының қызметкерлері, Қазалы ауданының қорғаныс істері бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, ішкі істер бөлімі, №4 өрт сөндіру бөлімі, жергілікті полиция қызметінің жол-потрульдік полиция тобы, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полициялық қызметінің қызметкерлі және №226 гимназияның «Жас ұландары», «Жас Отан» жастар қанаты және БАҚ өкілдері қатысты.
Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шараның алғы сөзін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Қасқырбек Мәмбетжан сөйлеп, еліміздің тұтастығымен тыныштығын, бейбіт өмірімізді сақтауда Отан алдындағы антқа адал қызмет етіп, мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен қорғанысы жолында аянбай тер төгіп жүрген бірқатар азаматтарды "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық және Қазалы аудандық филиалының алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ шара аясында ел ағалары шәкірттері жасұландықтар қатарына қабылдау рәсімін өткізді. Оларға жылы лебіздер арнады. Партиоттық әндер шырқалып, көріністер қойылды.
«Қазалы» ақпарат
03 мамыр 2018 ж. 550 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031