Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда мектеп бітірушілерге аттестат тапсырылды

Қазалыда мектеп бітірушілерге аттестат тапсырылды

Қазалы ауданындағы мектеп бітірушілерге аттестат тапсырылды. Салтанатты шара күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен, бекітілген тәртіпке сәйкес өтті.
Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектепте соңғы қоңырау шарасы мен аттестат алу рәсімі біріктіріліп өткізілді.
Түлектерді мектеп директоры Төребай Шермаханов, мтематика пәнінің мұғалімі Көбейсін Демеубаев құттықтап, аттестаттарын тапсырды. Сондай-ақ, мектептегі ата-аналар комитетінің төрайымы Ұлдай Рашева, қамқоршылық кеңестің төрағасы Аманкелді Дінахметов оқушылар мен ұстаздарды онлайн құттықтап, сәттілік тіледі.
Биыл Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептен 39 оқушы түлегелі отыр. 4 оқушы мектепті үздік бітірсе, 1 оқушы географиядан облыстық олимпиаданың жеңімпазы атанды.
Ал, ауданда биылғы оқу жылында 632 оқушы мектепті аяқтады. Түлектеріміздің ішінде «Алтын белгіге» 54 оқушы бітірсе, 31 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Сондай-ақ, ауданда мектеп бітірушілердің 83,4 пайызы ҰБТ-ға қатысады деп жоспарлануда.
"Қазалы" ақпарат
03 маусым 2020 ж. 1 666 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 37

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930