ЖАСТАР ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ

DSC_0500

Жастар – қай кезде де, қай қоғамда да аса белсенді буын. Халқымыз «Ақыл жастан, асыл  тастан» деп жастардың бойындағы бұлқынған қуаты күшті саңлақ санамен саралай білген және оның адамгершілік тұрғыда өсіп-өркендеуіне баса мән берген. Бүгінгі Тәуелсіз елімізде жастардың жасампаздық рухы тіпті тасқындай түсуде, ол – мемлекетіміздің жастар саясатындағы ұстанған дұрыс бағытының бұлжымас дәлелі.

Осы тұрғыда Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында елдің ендігі бағыты рухани жаңғыру екенін баса айтты. Бұл – Қазақстанның ұлттық рухын жоғалтпай дамуы үшін дер кезінде қабылданған шешім.

Қазіргі әлем елдері қас пен көздің арасында дамып жатқан тұста ел жастарының бойынан ұлттық рух жоғалмауы тиіс. Осы бағытта Қазалы ауданында да бірқатар жұмыстар жүйеленіп,  жолға қойылған.

Қолда бар ақпарға сүйенсек, бүгінде Қазалы ауданында жиырма мыңға жуық жас бар. Бұл аудан халқының 26,1 пайызы. Ал басым бөлігін ауыл жастары құрайды. Айталық, қала жастары – 1416, ауыл жастары – 18 508. Сонымен бірге 2017 жылы аудан жастары арасында санақ жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде NEET санатына жататын (жұмыссыз) жастардың саны 2016 жылы 800, 2017 жылға 541 жасты құрап, 259 жасқа азайған.

Өткен бір мақаламызда «Сәлем, ауыл» бағ­дарламасын Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі мен «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі қолға алғанын айтқан едік. Мақсаты – ауыл тірлігін көбіне кітаптан оқып, сыртынан қызықтайтын жастарды салт-дәстүрге қанықтыру, қазақы тұрмыстың ортасында жүруге мүмкіндік беру. Ауданда 21 ауылдық округ бар. Жаңа бастама Ақжона, Сарыбұлақ елді мекендерінен бастау алды.

Аудан жастарының қоғамдық-саяси өмірге қатысуы мен олардың бойына отансүйгіштікті сіңіру, парасаттылық негізінде тәрбие беру, жастарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында «Жас Отан» жас­тар қанаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан Жастар Парламенті, «Достар Алаңы» еріктілер клубы, Қазыналы Қазалы «Пікір сайыс орталығы», «Жас­тар. Қоғам. Болашақ» жобасы, «Достық» түрлі ұлт жастары клубы, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі қарқынды жұмыс істеуде.

Тіпті, кейбір еріктілер клубтары жеке тұлғаларға көмек көрсетіп, жалпы аудан бойынша жеке қызмет көрсету салаларында арнайы ауданның ерікті жастарына жеке куәліктер әзірлеген. Бұл куәліктер арқылы ерікті жастар жетпіс пайызға дейін (фитнес клуб, ішімдік сатылмайтын дәмханалар, «Арман» оқу орталығы, сұлулық салондарында) жеңілдіктер пайдалана алады.

Сонымен бірге барлық ауылдық округтерде қоғамдық негіздегі жастар жетекшілері мен жастар сая­сатына жауапты мамандар әкімшілік қызметкерлеріне қосымша жүктелген.

Ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында 2017 жылдан бастап «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «ЖАСТАР. ҚОҒАМ. БОЛАШАҚ» тақырыбында арнайы жобасы тұрақты жұмыс жасап келеді.

«Болам деген баланың бетінен қақпа, белін бу» деген. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын ұлғайтылу үстінде. 2014 жылы бес миллион, 2015 жылы он миллион теңге бөлінсе, 2016 жылы он миллион. 700 мың теңгеге жетті. Өткен жылдан бастап жалынды жастардың жігерін жану үшін облыстық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығын табыстауға да қаржы берілген.

Аталған шараны биыл «Ғани Мұратбаевтың» туғанына 115 жыл толуына орай республикалық деңгейде атап өту жоспарланып отыр.

ТӘРТІПТІ БОЛСАҢ БАҒЫНАР, ҚАРАЖАТ, ҚЫЗМЕТ ТАБЫЛАР

IMG_0103«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша өткен жылы маусымдық кезеңде 151 жас жұмыс жасаса, 2017 жылы маусым айында 40, шілде айында 30, тамыз айында 35 жас жұмысқа тартылып, барлығы 105 жас жұмыспен қамтылып отыр.

«Жас құрылысшылар» жасағына жыл басынан бері 44 жас тіркелсе, қазіргі таңда оның 18-і уақытша жұмыспен қамтылып, Қазалы ауданында салынып жатқан мектеп құрылысы басындағы жұмысқа қабылданған.

Биылғы жылдың 10-21 тамызы күндері аралығында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру жобасы», сонымен қоса Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында ауданымыздың 19 ауылдық округінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жобаның басты мақсаты – жастарға тегін бірінші жұмысшы кәсібін алу және Елбасымыздың мақаласындағы міндеттерді жан-жақты жеткізу. Шара барысында ауыл тұрғындары мен жұмыссыз жастар мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңес алып, көкейтесті мәселелеріне жауап алды.

Қазалы көлік-техникалық колледжіне 2017-2018 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша және жергілікті бюджет негізінде, 9-сынып арқылы кондитер, локомотивті (тепловоз және электровоз) жөндеу бойынша слесарі, тасымалдау құжаттарының операторы, байланыс аппаратурасы мен құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу электр монтері, газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі, 11 сынып негізінде: электр газымен дәнекерлеуші, өңдеу құрылыс жұмыстарының шебері мамандықтары бойынша барлығы 175 студент оқуға түсті.

Кәсіпкерлік саласы бойынша: бүгінгі таңда аудан экономикасының дамуына оң ықпал етіп отырған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4330 бірлікті құрап, өткен жылдан 4,4 пайыз көлемінде өсу динамикасы қалыптасып отыр. Қазіргі уақытта, тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 13,5 пайызын жас кәсіпкерлер құрап отыр. Жас кәсіпкерлер саны өткен жылмен салыстырғанда 23,8 пайызға артқан.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ Қазалы аудандық бөлімі, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалы 2017 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты аясында кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету, «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша 4 рет оқыту курсы өткізілсе, оған 122 адам қатыстырылып, сертификат тапсырылыпты. Оның ішінде 18-29 жас аралығындағы жастар 39,3 пайызын құрап отыр. Сонымен қатар, несиелендіру бойынша 4 жасқа 20,100,0 мың теңгеге қолдау білдіріліп қаржыландырылған. Қазіргі таңда 15 жобаның құжаттары әзірленуде екен.

БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ СІЛТЕГЕН БАҒДАРЛАМАЛАР

TAYl2PTnuUkЖыл басынан бері аудан жастарының қатысуымен жастар саясатын жүзеге асыру, сол арқылы оларға әлеуметтік қолдау көрсету, тәрбие беру бағытында жетпіс үш  шара өткізілген.

Оның ішінде отыз мәдени көпшілік шара, 31 әлеуметтік, жеті спорттық, төрт қайырымдылық акциясы, бір форум, өзге ағымдардың алдын алу мақсатында аудан жастарының қатысуымен «Дін және ұлттық тәрбие» тақырыбында отызға жуық кездесу, сонымен бірге жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, NEET санатына жататын жастарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында, ай сайын «Жастар ресурстық орталығы» халық көп шоғырланатын орындарда сала мамандарының қатысуымен «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту – 2020», «Дипломмен ауылға», «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, 1500-ге жуық жасқа кеңес берілді.

Сонымен қатар, жастар арасында да жұмыссыздықты азайту мақсатында бірқатар іс-шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, жыл басынан бері он бес рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілсе, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөліміне «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында барлығы 1361 жас хабарласып, оның ішінде 398-і жұмысқа орналасқан. Қоғамдық жұмысқа – 117, әлеуметтік жұмыс орындарына – 32, жас­тар тәжірибесіне 134-і орналасса, кәсіптік оқыту және қайта даярлауға 134 адам жіберіліпті.

Осылайша, Қазалы ауданы бойынша жас­тар арасында жұмыссыздық деңгейі 2016 жыл 5,3 пайызды құраса, 2017 жылға бұл көрсеткіш 5,1 пайызды құрап 0,2 пайызға төмендеп отыр.

Есет ТАБЫНБАЕВ.

Көрудің саны: 189  

Пікір қалдыру

Жаңалықтар