АЛМАТЫДА «IPHONE»-НЫҢ ДӘЛМЕ-ДӘЛ КӨШІРМЕСІН ЖАСАП КЕЛГЕН ЦЕХ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

АЛМАТЫДА «IPHONE»-НЫҢ ДӘЛМЕ-ДӘЛ КӨШІРМЕСІН ЖАСАП КЕЛГЕН ЦЕХ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Алматыда «iPhone» маркалы жалған смартфондар жасап келген цех жұмысы әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері «Аэровокзал» сауда орталығы аумағынан «iPhone» маркалы телефондар құрастырып, қаттап жатқан топтың қызметін әшкереледі. Жедел-іздестіру шарасы аясында заңсыз тауарды Қазақстанның өзге аймақтарынан келген жеке тұлғаларға, сондай-ақ Алматыдағы Орталық универсал дүкеніне (ЦУМ — авт.) өткізіп келген саудагерлер ұсталды. Анықтау барысында 30 дана «iPhone» телефоны тәркіленді. Сарапшылардың айтуынша, Алматыда құрастырылған заңсыз телефонды түпнұсқадан ажырату өте қиын. Себебі, смартфонды құрастыру барысында жедел жады мен «орталық процессердің» түпнұсқасы қолданылған. Алайда, гаджеттің өзге бөлшектері жалған әрі…

Толығырақ

ШЕНЕУНІКТЕР ДЕПУТАТ БАҚЫТЖАН ӘБДІРАЙЫМНЫҢ НАМЫСЫНА ТИДІ

ШЕНЕУНІКТЕР ДЕПУТАТ БАҚЫТЖАН ӘБДІРАЙЫМНЫҢ НАМЫСЫНА ТИДІ

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында қазақша қойылған сұрақтарға тек орыс тілінде жауап қайтарылуы депутат Бақытжан Әбдірайымның намысына тиді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетейік, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру тақырыбындағы Үкімет сағатында баяндама жасаған болатын. «Бүгінгі біздің талқылап жатқан тақырыптың өте маңызды әрі өзекті екені белгілі. Бірақ бұдан да зор бір мәселеге біз бүгін жауап таппадық, құрметті әріптестер! Сондықтан бұл жайт менің көңіліме, намысыма қатты тиді. Атап айтқанда, қазақ…

Толығырақ

КҮЙЗЕЛІСТЕН АРЫЛУ ҮШІН ГҮЛ ӨСІРІҢІЗ

КҮЙЗЕЛІСТЕН АРЫЛУ ҮШІН ГҮЛ ӨСІРІҢІЗ

Қазіргі кезде күйзеліс пен ауру адамдарды жиі мазалайды. Күйзелістен құтылу үшін мамандар түрлі дәрумендер қабылдауды, спортпен айналысуды, эмоцияңды басқаруды үйренуді ұсынып жатады. Десе де, күйзеліспен күресудің ең оңай жолы гүл өсіру екенін көбі білмейді. Иә, үйіңізге гүлдерді өзірсеңіз ол сізге жайлылық пен тыныштық сыйлайды екен. Лаванда-анти-күйзеліс дәрі болып есептеледі. Оның иісі бас ауруын қойдырып, ұйқысыздықпен емдей алады. Сондай-ақ, отбасындағы тыныштықтың кепілі. Қанжапырақ (физалис)- Америкадағы Калифорния университеттінің ғалымдары дәлелдегендей күйзелістің бастапқы белгілерін жояды. Қазтамақ (герань)-жаныңа тыныштық сыйлайтын өсімдік. Оның иісі қорқыныш пен үрей сезімдерін жойып, тыныштануыңызға септігін тигізеді. Бұл өсімдікті жатын бөлмеге өсірген дұрыс….

Толығырақ

ЗАЙСАНДЫ ҚАР БАСЫП ҚАЛДЫ (ВИДЕО)

ЗАЙСАНДЫ ҚАР БАСЫП ҚАЛДЫ (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарына сенбі-жексенбі күні айтарлықтай қалың қар түсіп, күн күрт суытты. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды. Желіде Шығыс Қазақстанның Зайсан тауларына қалың қар жауып аңшыларды әуреге салғаны туралы видео тарады. Аңшылардың айтуынша, қар қыркүйектің 23-інен 24-іне қараған түні жауған. «Кеше ғана +20 градус жылы болған. Бүгін -6 градус аяз. Күні бойы қар күреудеміз. Қол тоңды!» дейді аңшылар. Видео тау ішіндегі аңшылар үйінің жанынан түсірілген.

Толығырақ

КӨМІРДІҢ БАҒАСЫ НЕГЕ ҚЫМБАТ

КӨМІРДІҢ БАҒАСЫ НЕГЕ ҚЫМБАТ

  ҚР Энергетика министрлігінің электрэнергетика және көмір өнеркәсібі департаменті директоры орынбасары Талғат Әбілғазының айтуынша, разрездің өз басында көмірдің бағасы 8 мың теңге тұрады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазіргі кезде республика бойынша 400-ге жуық көмір өндіру кені бар. Аталған разрездердің бәрі бағаны өздері белгілейді. Себебі Қазақстанда көмірдің бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді. Заңда қандай да бір шектеу шаралары қарастырылмаған. «Бүгінде көмірді өндіру құны 3-5 мың теңгені (бір тоннасы — авт.) құрайды. Ал разрездің өзінде 8 мыңға дейін барады. Одан кейін осы көмірді тұтынушыға жекізу тағы бар. Сосын алыпсатарлар болады. Бұның барлығы —…

Толығырақ

ҚАЗАЛЫДА МЕРЕЙТОЙЛАР АТАЛЫП ӨТІЛЕДІ

ҚАЗАЛЫДА МЕРЕЙТОЙЛАР АТАЛЫП ӨТІЛЕДІ

*Қазалы қаласының атауына 150 жыл *Би әрі батыр Басықара бабының туғанына 260 жыл *Шығыс жастарының жалынды жетекшсі Ғани Мұратбаевтың туғанына 115 жыл *Кеңес Одағының батырлары Шляпин Генадийдің туғанына 105 жыл *Үрмәш Түктібаевтың туғанына 100 жыл *Халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 95 жыл  *Мемлекет және қоғам қайраткері Әбубәкір Тыныбаевтың туғанына 90 жыл *Жазушы-публицист Қалжан Нұрмахановтың туғанына 90 жыл *«Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Талант Бөріқұлақовтың туғанына 70 жыл *Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын Жетіскен Мәкеналының туғанына 65 жыл.

Толығырақ

БЕЛГІСІЗ БІРЕУ КАНАДАДА ҚАЙТЫС БОЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ДЕНЕСІН АЛЫП КЕЛУГЕ 7 МЫҢ ДОЛЛАР АУДАРҒАН

БЕЛГІСІЗ БІРЕУ КАНАДАДА ҚАЙТЫС БОЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ДЕНЕСІН АЛЫП КЕЛУГЕ 7 МЫҢ ДОЛЛАР АУДАРҒАН

Арнайы қаржы жинау мақсатында ашылған Gofundme парақшасында белгісіз біреу Ванкуверде қаза тапқан Метхат Әбеновтың денесін алып келу үшін 7 мың доллар қаржы аударғаны туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.  Өкінішке қарай, Метхаттың сақтандыруы отандасымыздың денесін алып келу шығындарын жаппаған. Сондықтан Метхат Әбеновтың туғандары мен достары қаражат жинап жатқандарын айтып, көмек сұрайды. Бір күн бұрын белгісіз адам аталмыш қорға 7 мың доллар аударған. Бұл қаржы отандасымыздың денесін Қазақстанға жеткізу шығындарын толығымен жапқан. «Қымбатты достар! Британдық Колумбиядағы қазақстандық қоғамдастықтың атынан Метхаттың достарына, әріптестеріне және көмек қолын созған әрбір жанға алғысымызды айтамыз. 24…

Толығырақ

СЕМЕЙДЕ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

СЕМЕЙДЕ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

Қазақтың рухани астанасы — Семей шаһарында Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Ескерткіштің ашылу салтанына жиналған халықпен бірге Парламент мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Егемен Қазақстан» газеті АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Гумилев атыдағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Ғарифолла Есім мен проректоры Дихан Қамзабекұлы, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов т.с.с. қатысты. Ұлт көсемінің рухына тағзым етуге жиналған белгілі жазушылар мен ақсақалдар ізгі тілектерін білдірді. «Бұл ескерткіш өскелең ұрпақтың болашағы үшін, еліміздің…

Толығырақ

2019 ЖЫЛДАН БАСТАП 0-СЫНЫП ЕНГІЗІЛЕДІ — САҒАДИЕВ

2019 ЖЫЛДАН БАСТАП 0-СЫНЫП ЕНГІЗІЛЕДІ — САҒАДИЕВ

0 сынып бес жастағы балалардың жүз пайыз бірінші сыныпқа дайындалуына жағдай жасайды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық  реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2019 оқу жылынан 0 сыныпты енгізу. Ол  0+11, яғни он екі жылдық білім беру жүйесіне көшуге арналған. 0 сынып бес жастағы балалардың жүз пайыз бірінші сыныпқа дайындалуына жағдай жасайды. Әліппеге келсек, 0 сыныпқа арналған базалық оқулық жалпы дайын. Сынақтан өтіп отыр. Келесі жылы мұғалімдерді…

Толығырақ

ҮКІМЕТ ҰСТАЗДАРДЫҢ ТАБЫСЫН ҚАЛАЙ КӨТЕРУ ҚАЖЕТТІГІН ОЙЛАСТЫРУЫ ТИІС – ТОҚАЕВ

ҮКІМЕТ ҰСТАЗДАРДЫҢ ТАБЫСЫН ҚАЛАЙ КӨТЕРУ ҚАЖЕТТІГІН ОЙЛАСТЫРУЫ ТИІС – ТОҚАЕВ

Үкімет ұстаздардың табысын қалай көтеру қажеттігін ойластыруы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық  реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мектептегі  білімнің дамуына тежеуші болып отырған фактор — ұстаз кәсібі мәртебесінің төмен болуы. Бүгінде білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы ең төменгі жалақы деңгейінде қалып отыр. Ол республикалық орташа деңгейдің 66 пайызын құрайды. Үкімет экономикалық мүмкіншіліктерді ескере отырып, ұстаздардың табысын қалай көтеру қажеттігін ойластыруы тиіс.  Бұл өте маңызды. Себебі мектептегі реформалардың табысты…

Толығырақ