Денсаулыққа пайдалы тәттілер…..

1. Қара шоколад. Қара шоколадтың сүтті шоколадтан калориясы аздау болса да, құрамында адам денсаулығына пайдалы нәрселер өте көп. Мысалы: антиоксиданттар, флавоноидтар, дәрумендер, кальций, темір, магний секілді элементтер бар. 2. Зефир. Басқа тәттілерге қарағанда зефирдің құрамында калорий саны өте аз. Алайда бұлшық етіңізді қатайтатын темір, фосфор, ақуыз секілді элементтер бар. 3. Жеміс қағынан жасалған кәмпит. Бұл кәмпиттер пішініңізді бұзады деп ойламаңыз. Ол мармелад сияқты. Ағзадағы ауыр тұзды металдарды шығарады. 4. Мармелад. Мармеладта пектин өте көп. Ол холестирин мөлшерін азайтып, ішек-қарын жолын қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар бұл тәттіде калорий аса көп емес….

Толығырақ

ҚАЗАЛЫНЫҢ ПЕРЗЕНТТЕРІ

Бекділдә АЛДАМЖАРОВ 1946 жылы 3 сәуірде Қызылорда облысындағы Қазалы ауданына қарасты № 99 разъезде теміржолшының отбасында туған. Алғашқы өлеңдері 1960 жылы республикалық жастар газетінде «Сәт сапар» айдарымен жарық көрген. Ақын З.Шүкіровтің алғы сөзімен өлеңдері облыстық газетте жарияланған. 1964 жылы он бір жылдық мектепті бітірген соң, Қазалы ауданының мәдениет бөлімінде бір жылдай қызмет істеген. 1965 жылы ҚазМУдің филология факультетіне оқуға түседі. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Жазушы» баспасында, Қазақ теледидары музыка редакциясында, «Жұлдыз» журналында қызмет істеген. «Нөсер» (1968), «Жыл мезгілдері» (1969), «Айлы түндер» (1970), «Нұр мен түнек» (1972), «Іздедім сені»…

Толығырақ

«Ғасырлар арманы – Тәуелсіздік!» атты аудандық мүшәйра

«Ғасырлар арманы – Тәуелсіздік!» атты аудандық мүшәйра

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Жалаңтөс Сейітқұлұлының 440 жылдық  мерейтойы қарсаңында «Ғасырлар арманы – Тәуелсіздік!» атты аудандық мүшәйра өткізіледі. МҮШӘЙРАНЫҢ МАҚСАТЫ Бабамыздың қанымен, анамыздың жасымен келген  тәуелсіздігімізді жырға қосу арқылы жас ұрпақтың бойына отан­сүйгіштік қасиетті сіңіру. Сондай-ақ, батыр бабамыздың ерлігін, үлгілі өмір жолын жыр жолдары арқылы насихаттау. МҮШӘЙРАНЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ Аталмыш мүшәйраға әр ақын Тәуелсіздік пен Жалаңтөс баһадүрге арналған өлеңдерін жіберуі шарт. Жыр мүшәйрасына Әйтеке би кенті мен ауылдық аймақтардағы 14 пен 30 жас аралығындағы барлық талапкерлер қатыса алады. Халықаралық, республикалық ақындар мүшәйраларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері сайысқа қатыстырылмайды. Мүшәйраға…

Толығырақ