ШАПАННЫҢ ШАПАҒЫ

2004 жылы Афинада өткен олимпиада қазақстандық боксшы Бақтияр Артаев чемпион атанып, ел абыройын асқақтатқаны белгілі. Олимпиаданың ең соңғы күнінде ел қоржынына алтын салған саңлақ спортшы аталған жеңісінен кейін елге оралып, өз жанкүйерлерімен кездесті.  Дәстүр бойынша ол барлық өңірлерді аралады. Соның ішінде Сыр еліне де атбасын бұрып, Сырдария ауданында болды. Орталық алаңда концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, аудан әкімі спортшыны жеңісімен құттықтап, жергілікті ақын өлең оқиды және шапан жабылады деп жоспарланды. Қызығы сол, іс-шарада спортшыға жабылған шапан «өз иесіне» қайтып келді. Спортшыны күтіп алып, шығарып салу жұмыстары сол кездегі аудан әкімінің орынбасары Қайрат…

Толығырақ

Қызылорда облысынан Астраханға ет өнімдері экспортталады

Қазалы ауданында ауылшаруашылығы саласы бойынша баспасөз туры ұйымдастырылды, — деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. БАҚ өкілдері алдымен Ақтан батыр ауылы Шеңгелді учаскесіндегі «Сыр маржаны» ЖШС мал бордақылау кешенінің жұмысымен танысты. Бастапқыда 500 басқа арналған мал бордақылау алаңының қуаты енді 3000 басқа жеткізілген. Мұнда ірі қара малдар үш ай семіртіліп, бордақыланады. Алаңда жыл басынан бері 200-ден астам сиыр бордақыланып, оның 100-і сойылып, сатылды. Алаң жанынан ет консервілеу зауытын ашу жоспарланып, ет кластерін жасау үшін дайындық жұмыстары басталды. Ресей Федерациясы Астрахань қаласының әкімшілігімен 20 тонна ет өнімін экспортқа шығару жөнінде меморандум жасау бойынша…

Толығырақ

Қызылордадан Астанаға 270 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді

Өткен демалыс күндері Астанада Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елордалықтар үшін бау-бақша және азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі екі күн қатарынан ұйымдастырылды және онда бағалар нарықтағыдан бірнеше есе арзанға ұсынылды. Сыр халқы жәрмеңкеге жеміс-жидек, көкөніс, балық, ет, күріш, сүт өнімдерін, барлығы 270 тонна ауыл шаруашылығы өнімін алып келген. Елордалықтардың сұранысына әсіресе, күріш, қауын мен қарбыз ие болды. Қызылорда облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ерхан Ағыбайдың айтуынша, жәрмеңкеге 75 тонна күріш, 7 тонна жылқы еті, 7 тонна сиыр еті, 3,5 тонна сүт өнімдері, 1,25…

Толығырақ

Ащы бұрыштың пайдасы мен зияны

Қызыл бұрыштың құрамында ерекше капсаицин атты зат бар. Ол жүйке талшықтары дертін емдеуде жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар мамандар артрит, псориаз, невропат ауруларында да бұл заттың тигізер пайдасы бар дейді.  Бұрыштың құрамындағы капсаицин асқазан секреция қызметінің жақсы жұмыс істеуіне ықпал жасап, нәтижесінде асқорытуды жақсартады. Алайда халық арасында ащы қызыл бұрыш асқазан жарасына жол береді деген түсінік қалыптасқан. Ал мұны соңғы зерттеулер жоққа шығарып отыр. Керісінше капсаицин асқазанда пайда болатын өзге де көптеген дертке шипа болады екен. Қызыл бұрышты мөлшерден артық көп жеуге болмайды. Оны жиі асқа қосудың да зияны бар….

Толығырақ

Пияз дене қызуын түсіреді

✅ 1. Пияз дене қызуын түсіреді  Әсіресе балалардың денсаулығына пайдасы мол. Егер дене қызуыңыз көтеріліп тұрса, пиязды кесіп, алма қышқылына салыңыз. Артынша бірнеше тілімін құлағыңыздың үстіне, нәскиіңіздің ішіне салып қойыңыз. Осылайша денеңіздің қызуы жылдам түседі. ✅ 2. Инфекцияны өлтіреді  Ең алдымен, пияз пастасын дайындау қажет. Ол үшін нанның үстіне сүтті қайнатып құйыңыз. Бетіне пиязды үккіштен өткізіп салыңыз. Артынша жараңыздың үстіне жағыңыз. 2-2,5 сағат тұрса, жеткілікті. Бұл рәсімді инфекция толығымен залалсыздандырылғанша қайталауыңызға болады. ✅ 3. Қанды тоқтатады  Бір жеріңізді өткір затпен тіліп алсаңыз, сол жерге дереу пиязды дәкеге орап қойыңыз. Тыртық қалмау үшін рәсімді…

Толығырақ

Ди Каприо Қазақстанның жолбарысты Орталық Азияға қайтару бастамасына қатысты пікір білдірді

Америкалық атақты актер Леонардо Ди Каприо өзінің әлеуметтік парақшасында Тұран жолбарысын тарихи орны — бертінге дейін тіршілік еткен  Іле-Балқаш аймағына қайтару туралы Қазақстанның WWF Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорымен бірлескен бағдарламасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Қазақстан WWF-пен қол қойған меморандумға сәйкес, жоба жүзеге асса біздің еліміз бұрын құрып кеткен жолбарысты тарихи орнына қайтарған тұңғыш мемлекет болмақ. Бағдарламаның уақытша кестесіне сәйкес, Қазақстанға жолбарыстарды жеткізу жұмысы 2027 жылға қарай жүзеге асырылады. Оған дейін жабайы аң мекендейтін резерваттар дайын болады. «Сіздер естідіңіздер ме? Қазақстан жарты ғасыр бұрын жоғалып кеткен жабайы…

Толығырақ

Қазақстан автомобиль экспортында рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстан машина жасаушыларының V форумында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек еліміздің машина жасау саласы дамуының 8 айлық қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «8 айдың қорытындысында осыған дейінгі жылдарды қоса алғанда шығарылған машина жасау өнімдерінен артық өнімді экспортқа жөнелттік. Негізінен олар Беларусь, Тәжікстан, Ресей және Қытай нарықтары. Машина жасау секторының жалпы құны 90 млрд теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге артық», — деп атап өтті ол.   Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек елімізде электр энергиясымен жүретін машина жасау саласында да айтарлықтай өсім бар екендігін айтты. Бұл…

Толығырақ

Әлемдік мұнай бағасы айтарлықтай өсіп келеді

Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда кезінде мұнайдың әлемдегі бағасы айтарлықтай өсіп келе жатқаны байқалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА сауда-саттық мәліметтеріне сілтеме жасап. Лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фючерсінің жеткізілімдері 1,15 долларға өсіп, барреліне 56,29  долларды құрады.     WTI маркілі жеңіл мұнайдың Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) қазан айындағы фьючерстері 0,93 долларға  көтеріліп, барреліне 50,41 доллардан белгіленді.

Толығырақ

Синоптиктер күн суытады деп болжап отыр

«Қазгидромет» РМК 21-23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жария етті. «22 қыркүйек күн мен түннің теңелетін күні. Осы күннен бастап күн түннен қысқара бастайды. Астрономиялық жаз аяқталады да күз басталады. Қазақстанның солтүстігінің тұрғындары күзгі ауа райын сезінуде. Батыс Сібірден  жылжыған суық арктикалық ағын басында солтүстікте, содан кейін орталық және шығыс облыстарында  жауын-шашын, содан кейін ау райының суытуына әкеледі», — делінген хабарламада. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысына суық ағын сенбі күні жетіп, өңірлерде жаңбыр жауып, ауа температурасының күрт төмендейді. www.inform.kz

Толығырақ

Қазақстанның 2 облысында үсік жүреді

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек солтүстік және шығыста атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр болады, деп хабарлайды Қазгидромет. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі. Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде,  күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан күндіз Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында жел екпіні 23 м/с жетеді. Атырау, таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік жүру қаупі күтіледі. Күндіз Батыс…

Толығырақ