ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ДАМУ ҮСТІНДЕ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ДАМУ ҮСТІНДЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігін атап көрсеткені баршаңызға мәлім. Расында да, дені сау ұрпақ – қоғамның байлығы. Осы орайда біздің елімізде жыл сайын ауқымды жұмыстар атқарылады. Білім мен денсаулық сақтау салаларына ерекше мән беріледі. Мәселен, өзіміз тұратын ауданды алайық. Барлық ауылдық жерде денсаулық сақтау орындары жаңадан салынған. Аудан орталығынан типтік жобадағы 150 орындық аурухана ғимараты бой көтеріп жатқандығын бәріміз көріп отырмыз. Бұдан өзге денсаулық сақтау саласында қандай өзгерістер мен жетістіктер барын аурухана басшысы Күншығар Әбіловтен сұраған едік….

Толығырақ

ТУҒАН ЖЕРІМ – МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ

ТУҒАН ЖЕРІМ – МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ

Таяуда ЭКСПО көрмесі аясында Сарыарқаның өрінде, Астананың төрінде Сыр елінің өнері мен мәдениеті күндері дүркіреп өткенін білесіздер. Сондағы салтанатты шаралардың бірінде танымал тележүргізуші Дана Нұржігітпен жүздесіп қалдық. Оның туған жеріне деген ыстық ықыласының алабөтен екені Сыр елінен келген жандармен – мына бізбен амандасқанда-ақ сезіліп тұрды. Осындай сәлем-сауқат сұрасудың соңы аз-кем емен-жарқын әңгімеге ұласқан еді. – Дана ханым, сіздің бойыңыздан қазақилық қасиет айрықша аңқып тұрады, мұның сыры неде деп ойлайсыз? – Осы пікірді ел ішінде жүргенде өзімнің де құлағым шалып қалады. Мені дәл осылай өсірген, қазақы қасиетті санама сіңірген аяулы әжем…

Толығырақ

“Қостанайға көшетін қазалылықтардың үміті ақталады”

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы бірінші басымдықтың үшінші кешенді міндеті – еңбек нарығын жаңғырту болып отыр. Осы орайда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жұмыс күші тапшы өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Солтүстік аймақтарға өз еркімен қоныс аударуға ниетті тұлғалар үшін Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Новоселов және Чернигов ауылдық округтерінің әкімдері Байтемір Исмайлов пен Нұрғазы Құрманғалиев ауданымызға арнайы іссапармен келді. Олардың айтуынша, бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдау шаралары, яғни көшуге, тұрғын үй…

Толығырақ

Сыр халқының еңбекқорлығы тәнті етті

Сыр халқының еңбекқорлығы тәнті етті

Қазақ тілін туған тіліндей еркін көсіле сөйлейтін белгілі журналист, фоторепортер Максим Рожин көзі қарақты көпшілікке етене таныс. «Қазақтың сары баласы» атанып кеткен ол журналистика саласында өзіндік із қалдырып, бүгінде көрермен көзайымына айналып үлгерді. Қазақ тілін туған тіліндей еркін көсіле сөйлейтін белгілі журналист, фоторепортер Максим Рожин көзі қарақты көпшілікке етене таныс. «Қазақтың сары баласы» атанып кеткен ол журналистика саласында өзіндік із қалдырып, бүгінде көрермен көзайымына айналып үлгерді. Телевизия саласында табанды қызмет атқарған Максимнің кейінгі жылдары фото репортер ретінде де керемет дүниелер жасап жүргендігінен хабардармыз. Осы орайда Сыр еліне жасаған іссапарында өзімен…

Толығырақ

Қазалыда қарқынды істер бар

Сыр өңіріндегі Қазалы ауданы – қарқынды дамып келе жатқан аймақтың бірі. Ал бұл орайда ауданда қандай айшықты істер жасалы­нып жатыр? Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында нендей иігілікті шаралар бар? Осы жөнінде және атқарылып жатқан басқа да жобаларға қатысты аудан әкімі Нажмадин Шакизадаұлы Шамұратов тілшімен ой бөліседі. – Барша қазақ халқы үшін қасиетті дербестіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дініміз бен ділімізді қайта оралттық. Елдігіміз айшықталып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандан­дырдық. «Әуелі экономика, содан соң саясат» деген ұстанымды нық ұстаған Елбасының көрегендік саясатының арқасында ел өмі­рінде, халықтың тұрмысында терең өзгерістер, оң қадамдар жасалды. Елдіктің осы…

Толығырақ

Тоқсан бестiң толғауы

Сәлемнің сәті Әне барамын, міне барамын деп жүргенде күнделікті күйбеңмен уақыт өткізіп алыппын. Сәлемдесудің сәті Жаңа жылдың алғашқы күнінде түсті. Қанды майданның ортасында болған қарт жауынгер едәуір шөгіп қалған екен. Құшақтасып, мауқымызды бастық. Мерекесімен құттықтадым. – Шырағым, жетінші айдың жүзіне қарады, осы бір аурудың қармағына іліктім. Ас батпайды, қорегім шай мен ашыған. Аз жасағаным жоқ. Шын жасым тоқсан бесте. Жалғыз бала болған соң әкем әскерге алып кетер деп ауылнайларға айтып, екі жасымды шегерткен. Әйтсе де соғыс басталғасын бір жылдан кейін мені де әскер қатарына шақыртты. Сонда паспорт бойынша жиырмадағы жігіт…

Толығырақ