ЕЛІМІЗДЕ ВЕСТЕРН ЖАНРЫНДА ФИЛЬМ ТҮСІРІЛДІ

ЕЛІМІЗДЕ ВЕСТЕРН ЖАНРЫНДА ФИЛЬМ ТҮСІРІЛДІ

 Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген «Шала қазақ» толықметражды көркем фильмнің түсірілім жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.  «Қазақфильм» мәліметінше, бұл кинотуындының шартты атауы. Вестерн жанрында түсірілген жаңа фильм қылмыскерлермен жалғыз өзі күреске түскен ауылдық учаскелік полицей туралы. Кинотуынды режиссері – Төлеген Байтүкенов. «Біз бұл жобаға былтыр көктемнен бастап кірістік. Сол кезден сценарий көптеген өзгеріске ұшырады. Басында комедия түсіруді жоспарлаған едік. Сценарийдің соңғы нұсқасы алты ай бұрын ғана жазылып бітті. Фильмнің қазіргі атауынан еш жұрнақ қалмады десем артық айтпаған болармын. Кинотуындының атауын…

Толығырақ

ҰШАҚТА НЕГЕ ҰЙЫҚТАУҒА БОЛМАЙДЫ

ҰШАҚТА НЕГЕ ҰЙЫҚТАУҒА БОЛМАЙДЫ

Гарвард медицина мектебі жүргізген зерттеуге сәйкес, ұшақта ұйықтау есту қабілетін жоғалтуға алып келуі мүмкін, деп хабарлайды Independent британдық басылымы. Сарапшылардың деректері бойынша, әсіресе ұшақ бірден жоғары көтерілген немесе төмен түскен кездегі ұйқы денсаулыққа өте қауіпті болып табылады. Мұндай жағдайда адам ағзасы дабыл жарғағындағы қысымды әлсіз реттейді. Айырмашылықты өтеу үшін жолаушыларға ауызды кеңірек ашып есінеуге немесе бір нәрсе шайнауға кеңес беріледі. Міне сондықтан да стюардессалар ұшу немесе қону алдында шайнайтын кәмпиттерді таратады. Ұйықтап жатқан адам мұндай қарапайым әдістермен өзіне көмек көрсете алмайды. Ұйқы кезінде бастағы қан қысымы өзгеріссіз қалуы мүмкін, себебі…

Толығырақ

ӨҢ МЕН ТҮСТІҢ АРАСЫ

ӨҢ МЕН ТҮСТІҢ АРАСЫ

СТУДЕНТТІК ШАҚТЫҢ ШӘРБӘТ КЕЗІ ТАУСЫЛҒАН БА? ТҮНДЕЛЕТІП КӨШЕ КЕЗІП, ТАҢЕРТЕҢ КӨЗІҢ ҚЫЗАРЫП, ІСІП-КЕУІП САБАҚТА ОТЫРАТЫН УАҚЫТТАР ҚАЗІРГІ ТАҢДА ТӘТТІ ЕСТЕЛІККЕ АЙНАЛДЫ. АЛ АЛЫС ҚАЛАДА ОҚЫҒАН ЖАНДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНА ОРТАҚ ҚАСИЕТ АУЫЛДЫ САҒЫНУ ЕКЕНІ ДАУСЫЗ. СОНДАЙДА АШҚҰРСАҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАЛАНЫҢ БЕЙМАЗА ТІРЛІГІНЕ ШЫДАМАЙ, АУЫЛЫНА ҚАРАЙ ТАРТЫП КЕТЕТІНІ БАР. КЕЙДЕ, ТІПТІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ КЕЛІП, ӘЛДЕҚАШАН СҮЙЕГІ ҚУРАП ҚАЛҒАН АТА-ӘЖЕСІН ҚАЗА ТАПТЫРЫП:«ӨМІРДЕН КЕШЕ ӨТІПТІ. БҮГІН ҮЙДЕГІЛЕР ХАБАРЛАСТЫ. СҰРАНУЫМ  КЕРЕК ЕДІ», – ДЕП ҚУЛЫҚҚА  БАСАТЫНЫН ҚАЙТЕРСІҢ?! Дәл осындай сылтаумен бақиға кеткеніне қырық жылдан асса да, нағашы атамызды негізге ала отырып, бір-екі рет қулыққа барғанбыз. Әрине, кураторымызда көңіл…

Толығырақ

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ СЫНШЫ

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ СЫНШЫ

НЕБӘРІ ОТЫЗ АЛТЫ ЖЫЛ ҒҰМЫР КЕШСЕ ДЕ АРТЫНДА МӘҢГІ ӨШПЕЙТІН ІЗ ҚАЛДЫРҒАН ҚАЛЖАН ӘЛІБЕКҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА БИЫЛ  90 ЖЫЛ ТОЛДЫ. ҒҰМЫРЫ КЕЛТЕ БОЛСА ДА ОНЫ МӘН-МАҒЫНАЛЫ ЕТІП СҮРЕ БІЛГЕН ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ ҚАСИЕТТІ ҚАЗАЛЫ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ТУМАСЫ. ММУ-ДЫҢ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІН БІТІРГЕННЕН КЕЙІН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН ӘДЕБИЕТІ БОЙЫНША КЕҢЕСШІСІ, «ДРУЖБА НАРОДОВ» ЖУРНАЛЫНДА, «ҚАЗАҚСТАН ПИОНЕРІ» (ҚАЗІРГІ «ҰЛАН») ГАЗЕТІНДЕ ӘДЕБИ ҚЫЗМЕТКЕР, ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕПЕРТУАРЛЫҚ РЕДАКЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕГИЯСЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ БОЛЫП АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК ЕТТІ. ОДАН СОҢ «ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИСКУССТВО»  (ҚАЗІРГІ «ЖҰЛДЫЗ») ЖУРНАЛЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ БОЛДЫ. Нұрмахановтың орыс-қазақ әдебиеті байланысына, шығыстық үлгідегі туындылар мен аударма…

Толығырақ

ҚОБЫЗДА ОЙНАҒАН АМЕРИКАЛЫҚ ЭТНОФЕСТИВАЛЬДА ҮЗДІК ҮШТІККЕ КІРДІ

ҚОБЫЗДА ОЙНАҒАН АМЕРИКАЛЫҚ ЭТНОФЕСТИВАЛЬДА ҮЗДІК ҮШТІККЕ КІРДІ

Америкалық «The Spirit of Desht-I-Kipchak» ұлттық музыка фестиваль-байқауында қобызда күй тартып, үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Инстаграмына сілтеме жасап. Фестиваль Астанада 2017 жылдың 14-17 қыркүйегі аралығында өткен. Ұйымдастырушысы — «Тілеп» қайырымдылық қоры. «АҚШ елшілігінің баспасөз атташесі Рэн Эльхай Қазақстанға бір жыл бұрын келіп, халық музыка аспабы қобызға қатты қызыққан. Оның пікірінше, қобыздың ғажап нәзік үні бар», — делінген АҚШ елшілігінің хабарламасында. www.inform.kz

Толығырақ

АППАҚ ҚАР ЖАУҒАН ТҮН ЕДІ…

АППАҚ ҚАР ЖАУҒАН ТҮН ЕДІ…

Сол күнгі кештен шыққан жандардың бәрі көңілді болатын. Наз­ды күлкілер. Қуанышты үндер. Кент  тыныштығының жарымын алып кетті. Әне, ұзап бара жатыр. Күлкі соңы әлде бір әуезді әнге ұласты. Алыстағасын ба, сөздері анық естілмейді. Бір-бірімізге тіл қатпағанымыз болмаса бізде сол шалқар шат күлкінің толқынына ергендей әсерде емес пе едік. Сол толқын бізді бір шетке ысырып тастағандай. Үнсізбіз. Жүріп келеміз. Жаңа ғана аңғардым қар жауып тұр екен. Сен қалықтаған қар жапалақтарына қолыңды тосып ойнап келесің. «Неге ұқсатып келеді екенсің?!» Мен жапалақтаған  қарға  қараймын. Үйрек жүніндей үлпілдей қалықтайды. Мамырлап түсіп жатыр. Әлде бір…

Толығырақ

БЕЙНЕТПЕН ЖЕТКЕН БИІККЕ

БЕЙНЕТПЕН ЖЕТКЕН БИІККЕ

Киелі Қазалы жерінде таңның атысынан, күннің батысына дейін атыз жағалап, күріш егумен айналысқан жандар аз емес. Соның бірі – Ажаркүл Сейділдақызы Алдажарова. Қазалылық даңғайыр диқан 1950 жылы 25 қаңтарда Майлыбас ауылдық Кеңесіне қарасты Ленин колхозында дүниеге келген. Жеті жасында №92 орта мектептің 1 сыныбына барып, сегіз жылдық білім алып шығады. Анасына көмекші болған Ажаркүл Сейділдақызы Қызылту совхозындағы шаруа­шылықтың сан түрлі жұмыстарына ерте араласты. Еңбек ете жүріп кешкі мектептен орта білім алды. Жиырма жасында өзімен бірге шаруашылықта механизатор, шофер болып жұмыс істеген Ержігіт Қарамановпен тұрмыс құрып, осы күні 6 бала тәрбиелеп…

Толығырақ

ДАЛАДАЙ ДАРХАН АЗАМАТ

ДАЛАДАЙ ДАРХАН АЗАМАТ

 «Біреулердің өнегелі бір ісін, Көре-тұра көрмегендер құрысын.  Нең кетеді жақсы десең жақсысын, Нең кетеді дұрыс десең дұрысын». Қадыр Мырза Әлі. Әдетте, ер, батыл деген сөздерді ауызға алғанда көз алдымызға темірдей тұлғалы азаматтар бейнесі келеді. Ал қайсарлық пен өнегелі тәрбие дегенде, олардың бойынан адамзатқа рух шашып тұратын нұр барын ескере бермейміз. Оның себебін, азамат болмысының қарапайымдылығынан, сабырлылығынан, олардың көптің көзіне іліге беруді ұната бермейтін кішіпейілділігінен іздеу керек сияқты. Ондай  қайраткер азамат өмірдің сырлы ағысындай сабырлы да қажырлы мінез-құлқымен көзге түсіп, жұрт көңілінен шығып жатады. Олар халықтың мұң-мұқтажын жүрегіне жақын қабылдап, қарлығаштың…

Толығырақ

Қасиетті Қазалы

Қасиетті Қазалы

Қазалы қаласы – Қызылорда облысындағы шағын қала. Ол Сырдария өзенінің оң жағалауында орын тепкен. Қаланың негізі 1853 жылы қаланған. Ол кездегі жағдай көкірегі ояу жандарға жақсы белгілі. Қазақ даласы, бір жағынан, хиуалықтардың озбырлығынан, екіншіден, Ресейдің отаршылдық саясатынан зардап шекті. Қазалы топырағы да осындай қиын кезеңді бастан кешіп жатты. Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский император ІІ Александрдың келісімімен Қазалыда форт құрылысын бастады. Қазалы алғашқыда №1 Сырдария форты аталды. Ал 1867 жылы бұл жерге қала мәртебесі берілді. Сөйтіп, Қазалы қаласы өмірге келді. Сонда қазір қаланың «жасы» – 143-те. Бір жарым ғасырға жуық деген сөз….

Толығырақ

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ЖАҢА ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ ЖАҢА ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейі қорынан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне уақытша көрмеге қою үшін этнографиялық және тұрмыстық бұйымдар коллекциясын тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Хабар 24.kz  музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. «Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейінен этнографиялық және тұрмыстық бұйымдар коллекциясын Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне тапсыру мен үшін үлкен қуаныш. Бұл коллекциядағы негізгі бұйым ретінде мен ұлттық әйел киімін айта аламын. Өйткені киімді, әсіресе әйел киімін кез келген ұлттың тұрмысы мен салт-дәстүрінің айнасы деуге болады. Бүгінгі біз сыйға тартып отырған коллекция музейге келушілерге Беларусь елінің…

Толығырақ