Астанада Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумы өтеді

2017 жылдың 2 қыркүйегінде Астана қаласында Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумын өткізу жоспарланып отыр. Шараның ұйымдастырушысы: «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы; Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл. Форумның бағдарламасында екі ел кәсіпкерлерінің заңды мүдделері мен құқығын қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатты талқылау, Ресей мен Қазақстан бизнесінің арасындағы әкімшілік және құқықтық кедергілерді анықтап, кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қорғауда ҚР мен РФ бизнес-омбудсмендері арасындағы қарым-қатынастың бағыты мен тәртібін анықтау қамтылған. Форум жұмысына қатысуға кәсіпкерлер, РФ бизнес-омбудсмендері (РФ-ның 82 өңірі),…

Толығырақ

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ УАҚЫТША ӨШІРІЛЕДІ

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ УАҚЫТША ӨШІРІЛЕДІ

Құрметті аудан тұрғындары! Қазалы ауданы бойынша жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 23 мамыр күні сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін электр энергиясында үзіліс болатынын хабарлаймыз.

Толығырақ

Қызылорда облысының мектеп бітірушілері мен колледж бітірушілерінің есіне!

Ресей Федерациясының жоғары оқу орындары федералдық бюджет есебінен білім алуға ниетті талапкерлермен байқау сынақтарын өткізеді. Мәскеу Ұлттық технологиялық зерттеу университеті Байқау сынағы 30-31 наурыз күндері Қызылорда қаласындағы № 198 орта мектеп базасында өтті. И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ университеті Байқау сынағы 10-11 сәуір күндері Қызылорда политехникалық колледж базасында өтеді. Сынақ емтихандары математика және физика пәндері бойынша жүргізіледі. 3.Санкт-Петербург  қаласындағы мемлекеттік өндірістік технология және дизайн университеті  Байқау сынағы 21-22 сәуір күндері Қызылорда инженерлік-техникалық колледж базасында өтеді.  Сынақ емтихандары  орыс тілі, математика, физика және химия пәндері бойынша жүргізіледі. 4.К.А.Тимирязев атындағы…

Толығырақ

ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ ЖӘНЕ ҚОРЫ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАП «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези­денті – Елбасының кітапханасы мен Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құрал­дары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша таңдаулы материалдарға жыл сайынғы ашық конкурс жариялайды. Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жыл­дарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемле­кеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету. Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі: 1) «Үздік теледидар материалы»; 2) «Үздік радиоматериал»; 3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»; 4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым». Номинациялардың әрқайсысы бойынша жең­ім­­паз­дарға 1 миллион теңге мөлшерінде ақша­лай жүлде беріледі, ал…

Толығырақ

АТ БӘЙГЕСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ

АТ БӘЙГЕСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ

Құрметті  облыс  тұрғындары және қонақтары! Баршаңызды  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазалы ауданында «Тәуелсіздік» аллеясының ашылуына арналған іс-шаралар аясында 2016 жылдың 30 қазанында  Әбдіраман төбеде өтетін ат бәйгесіне қатысуға және тамашалауға шақырамыз. Ат жарысы басталмас бұрын бүркітшілердің ойын көрсетілімі, қыз қуу, теңге алу ұлттық ойындары ұйымдастырылады. Содан кейін, ауыздықпен алысқан тұлпарлар додасы – тай, құнан, тоқ, аламан бәйгелері бойынша өтеді. Жеңімпаздар автокөлік және қомақты  сыйлықтармен марапатталады. Келіңіздер, Қазалы ауданында Әбдіраман төбеде болатын ат бәйгесіне қатысыңыздар! Бәйге аттарының тіркелу уақыты: 2016 жылдың 29 қазанында сағат 13.00-ден 19.00-ге дейін, 30 қазан…

Толығырақ

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

2016 жылдың 8 қазаны күні сағат 9:00-де Әйтеке би кентінде «Нұршуақ» автобекетінің алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізіледі. Жәрмеңкеге сүт, күріш, көкөніс, бақша өнімдері, ұсақ малдар және мал азығы шығарылады. Жәрмеңкеге келіп қатысыңыздар! АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ

Толығырақ