БАЙҚОҢЫРДАН «ПРОТОН-М» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫ ҰШЫРЫЛДЫ

20170912014144

ҚазАқпарат — 2017 жылдың 12 қыркүйегі күні, Астана уақытымен 01 сағат 23 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Амазонас-5» телекоммуникациялық спутнигі бар «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды. Ғарыш айлағының шұғыл қызметтері мен Қазақстанның жерүсті арнайы қызметтерінің мәліметі бойынша, ұшырылым штаттық режімде өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Зымыран тасығышынан ажырайтын бөлшектер белгіленген аумаққа құлады, 528-інші секундта «Протон»-нан үшінші саты штатты түрде ажырады. Ол «Амазонас-5» телекоммуникациялық спутнигі бар «Бриз-М үдеткіш блогын тіректі орбитаға шығарды. Ұшу циклограммасына сәйкес, ғарыш аппаратының геоөтпелі орбитаға шығарылуын одан әрі үдеткіш блок жалғастырады. «Амазонас-5»-тің мақсатты орбитаға шығуы 9 сағат 12 минутты құрайды. Ол діттеген жеріне 12 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 10.35-те жетуі тиіс.

Бұдан кейін телекоммуникациялық спутник басқару үшін тапсырыс беруші — испаниялық Hispasat компаниясына беріледі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Роскосмос сайтында зымыранның ұшырылымы және оған әзірлігі сағат 23:00-ден бастап (11 қыркүйек) онлайн көрсетілді.

www.inform.kz

 

Көрудің саны: 11  

Пікір қалдыру

Жаңалықтар