ҚАЗАЛЫДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН XII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛАДЫ

GdrDbp5Mj9U

9-10 қыркүйек күндері Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде грек-рим күресінен 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталады.

Биыл 12-ші мәрте ұйымдастырылатын турнирге  Ресей, Башқұртстан, Дағыстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және еліміздің 9 облысынан    18 команда 300-ге жуық палуан белдеседі. Жарыста спортшылар 10 салмақ (42, 46, 50,54, 58, 63, 69, 76, 85, 100 келі ) дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

Айта кетейік, дүбірлі бәсекеге даңқты балуан, грек-рим күресінен жеті дүркін КСРО чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері Дәулет Тұрлыханов жарыстың құрметті қонағы ретінде қатысады.

Жарыстың басталуы 9 қыркүйек сағат 9.00-де, салтанатты ашылуы сағат 16.00-де спорт кешенінде.

 

Көрудің саны: 35  

Пікір қалдыру

Жаңалықтар