АЙБАРЫ АСҚАҚ – АТА ЗАҢ

IMG_4274

Р.Бағланова атындағы мәде­ниет орталығында Қазақстан Респу­бликасының Конституциясы күніне орай «Ата заңым – айбарым» тақы­рыбында мере­ке­лік шара өтті.

Шара шымылдығы Құрманғазының «Сары­арқасымен» түрілді. Одан әрі Мемлекетіміздің Гимні орындалып, Мемлекеттік Ту сахна төріне көтерілді.

Қазалы ауданының әкімі Н.Шамұратов тұрғындарды мерекемен құттықтап, жүрек­жарды лебізін арнады. Осы кезге дейін аудан көлемінде атқарылған ауқымды істер мен тындырымды тірліктерді тілге тиек етті.

Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі Ата Заңымызда бүкіл азаматтық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Конституция біздің асқақ айбарымыз, тәуелсіздігіміз бен мемлекетімізді айшықтайтын айрықша нышандарымыздың бірі.

Мемлекетіміздің осындай ұлық мерекесі қарсаңында Қазалы ауданы бойынша кірістер басқармасының ардагері Бекбатыр Айдосовқа облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталса, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» Ә.Мұратов, Ш.Ахметова, К.Қуандықов, А.Оспанов, М.Сейтекен, Қ.Қартабаевтар марапатталды. Сонымен қатар ауданның әр саласында білікті қызмет етіп, ел дамуына өз үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің  «Алғыс хаттарын» иемденіп, мерейлері үстем болды.

Мерекелік салтанат аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ.

Көрудің саны: 39  

Пікір қалдыру

Жаңалықтар