ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ КЕМЕЛІ – ЛАТЫН ӘЛІПБИІНДЕ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ КЕМЕЛІ – ЛАТЫН ӘЛІПБИІНДЕ

Ұлт Көшбасшысы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында, кейінгі уақыттағы сөйлеген сөздері мен түрлі деңгейдегі басқосуларда қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы мәселені тілге тиек етіп, оның қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына ықпал ететіндігіне баса назар керектігіне мән берді. Әліпбиді ауыстыруға ұзақ мерзім, көп қаражат, орасан зор интеллектуалды күш кететіндігі белгілі, дегенмен де Президентіміз  ˮҚазақстан – 2050ˮ стратегиялық бағдарламасының басқыштарынан мүдірмей келе жатқан Қазақстандықтарға үлкен үміт арт ып, оған  Отанымыздың материалдық та, ғылыми да потенциалы жететіндігіне кәміл сеніп отыр.Оған себеп, осы кезге дейін біздің халқымыз латын әліпбиіне ұқсас ағылшын, неміс, француз…

Толығырақ

ЭКСПО-2017 ПАВИЛЬОНДАРЫНЫҢ ДЕМОНТАЖЫ 15 ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН АЯҚТАЛАДЫ

11 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы халықаралық павильондардың демонтажы жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қатысушы мемлекеттер Көрме ұйымдастырушыларына павильондарды бастапқы түрде тапсыру мақсатында экспонаттарды шығарып, ішкі құрылыс құрылымдар демонтажын, сондай-ақ тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет. Аталған процесс 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. Сәулет департаменті мен Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті демонтаж процессіне бақылау жүргізеді»,  — делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада. Көрменің басты нысаны «Нұр Әлем» сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастырады. Айта кетерлігі, «Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. syrboyi.kz

Толығырақ