«Атамекенім» акциясы кәсіпкерге жаңа мәртебе береді

Еліміздің барлық өңірінде «Атамекенiм» акциясы басталды. Бүгін «Атамекен» алаңында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті. Баспасөз мәжілісінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Ұлттық палатаның бастамасымен «Атамекенім» акциясының басталғаны туралы хабарлады. Акцияның мақсаты – әлеуметтік жауапкершілік мәселелерінде бизнестің бастамаларына қолдау көрсету. Акция Қазақстанның 16 өңірінде өтеді. «Елімізде «Туған жер», «Туған жерге тағзым» атты шаралар өткізіліп келеді. Біз Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында «Атамекен» акциясын ұйымдастырып отырмыз. Бұл акция…

Толығырақ

Сауытбек Абдрахманов: Әліпбиді айырбастау – шын мәнінде тарихи шешім

Сауытбек Абдрахманов: Әліпбиді айырбастау – шын мәнінде тарихи шешім

Мәжілісте талқыланған латын әліпбиіне көшу мәселесінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов латын әліпбиіне көшу ойдағыдай жүзеге асырылса, бұл тарихи шешімнің жемісін халқымыз ғасырлар бойы көретінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. «Біз бүгін еліміз үшін, тіліміз үшін, діліміз үшін, рухымыз үшін аса маңызды тарихи мәні бар, тағдыр шешті мәселені талқылағалы отырмыз. Бұл мәселені біз неге тағдыр шешті?» дейміз. Өйткені, біз жазуымызды жаңғыртуға кіріскелі отырмыз. Жазуды жаңғырту – тілді жаңғырту. Тілді жаңғырту – елді жаңғырту. Елдің басты белгісінің бірі – тіл», — дейді депутат. Оның пікірінше, бұл сыннан еліміз сүрінбей…

Толығырақ

Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкердің қызметін тоқтатудан қорғады

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына құқығын қорғауды сұрап келген келесі кәсіпкер «Орда Люкс» ЖШС. Осы жылы кәсіпкер «Қазгидромет» ЖШҚ РМК Қызылорда облыстық филиалы мекемесіне кабель жеткізетін болып келісім-шартқа қол қояды. Тапсырыс беруші мекеме ауызша келісім бойынша тауарды 25 шілдеге дейін жеткізіп беруді сұрайды. Ал кәсіпкер тауарды 27 шілдеде апарып береді. Бұл жағдаймен келіспеген «Қазгидромет» ЖШҚ РМК Қызылорда облыстық филиалы тауарды жеткізу мерзімін кешіктірді деп, кәсіпкерді жосықсыз қатысушы деп тануға жатқызу үшін сотқа талап арызбен жүгінеді. Сотта кәсіпкердің заңды өкілі ретінде Кәсіпкерлер палатасының заңгері Аида Қаюпова қатысып, құқығын қорғады. «Орда Люкс»-тен өтініш…

Толығырақ

Қызылордада 234 отбасы баспаналы болды

Қызылордада 234 отбасы баспаналы болды

Қызылордада 234 отбасы көппәтерлі тұрғын үйден баспана алды, оларды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа қоныстарымен құттықтады. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ басшысы жаңа пәтерге қол жеткізген тұрғындарды құттықтай отырып, шаңырақтарына құт-береке тіледі. «Қала күні қарсаңында жаңа мөлтек ауданнан кезекті көпқабатты тұрғын үйлерді пайдалануға беріп отырмыз. Жаңа шағын ауданға әлі ат берілген жоқ, дегенмен бұл жерде 25 тұрғын үй бой көтерді, жақын арада мектеп пен балабақшаның құрылысы басталады. Қала үшін биылғы жылдың басты жаңалығы — Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы жаңа қала құрылысының басталуы. Бүгінде сол жағалауда 18 көпқабатты тұрғын…

Толығырақ