ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтқан болатын. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттігін атап өтті. Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Бұл дегеніміз болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін…

Толығырақ

ЖАСТАР ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ

ЖАСТАР ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ

Жастар – қай кезде де, қай қоғамда да аса белсенді буын. Халқымыз «Ақыл жастан, асыл  тастан» деп жастардың бойындағы бұлқынған қуаты күшті саңлақ санамен саралай білген және оның адамгершілік тұрғыда өсіп-өркендеуіне баса мән берген. Бүгінгі Тәуелсіз елімізде жастардың жасампаздық рухы тіпті тасқындай түсуде, ол – мемлекетіміздің жастар саясатындағы ұстанған дұрыс бағытының бұлжымас дәлелі. Осы тұрғыда Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында елдің ендігі бағыты рухани жаңғыру екенін баса айтты. Бұл – Қазақстанның ұлттық рухын жоғалтпай дамуы үшін дер кезінде қабылданған шешім. Қазіргі әлем елдері қас пен көздің арасында дамып…

Толығырақ

АППАҚ ҚАР ЖАУҒАН ТҮН ЕДІ…

АППАҚ ҚАР ЖАУҒАН ТҮН ЕДІ…

Сол күнгі кештен шыққан жандардың бәрі көңілді болатын. Наз­ды күлкілер. Қуанышты үндер. Кент  тыныштығының жарымын алып кетті. Әне, ұзап бара жатыр. Күлкі соңы әлде бір әуезді әнге ұласты. Алыстағасын ба, сөздері анық естілмейді. Бір-бірімізге тіл қатпағанымыз болмаса бізде сол шалқар шат күлкінің толқынына ергендей әсерде емес пе едік. Сол толқын бізді бір шетке ысырып тастағандай. Үнсізбіз. Жүріп келеміз. Жаңа ғана аңғардым қар жауып тұр екен. Сен қалықтаған қар жапалақтарына қолыңды тосып ойнап келесің. «Неге ұқсатып келеді екенсің?!» Мен жапалақтаған  қарға  қараймын. Үйрек жүніндей үлпілдей қалықтайды. Мамырлап түсіп жатыр. Әлде бір…

Толығырақ

АЗАТТЫҚТЫ АҢСАҒАН «АРЫҚБАЛЫҚ АЙҚАСЫ»

АЗАТТЫҚТЫ АҢСАҒАН «АРЫҚБАЛЫҚ АЙҚАСЫ»

«Әрбір өлкенің халқына қорған, суығына пана, ыстығына сая болған баһадүр бабалары бар. Олардың есімін ұрпақтары ұмытпауға тиісті». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау лебізі пайымдағанға терең ой салғандай. Маңғаз даланың әрбір пұшпағы шежіреге толы екені тағы рас. Осы тұрғыда Қазалы өңіріндегі көпшілік ұлағат тұтар оқиғаның бірі – «Арықбалық шайқасы» десек орынды. Алты Алашқа даңқы кеңінен тараған Жанқожа Нұрмұхамедұлының есімін, батырлық жолын, елі-жері үшін жанын қиған тектілігін санамызға сіңіріп өскен буынбыз. Оған қоса әз бабамыз бастаған ержүрек сарбаздардың Ресей патшасы өкіметінің озбырлығына қарсы қарулы шайқасқа шыққаны, Қазалыны қоршауға алғаны, шешуші шайқастың Арықбалықта яғни…

Толығырақ

ОТБАСЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

ОТБАСЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

Отбасы – шағын мемлекет. Үлкен мемлекетіміздің тұрақ­тылығы мен өсіп-өркендеуі – онда тіршілік ететін әрбір отбасына байланысты. Ал отбасын құрайтын сіздер мен біз, яғни, оның мүшелері. Тәрбиенің түп қазығы саналатын отбасының құндылығы қашанда жоғары. Иә, үйлену – сүннет, үй болу– міндет. Отбасы ұғымын әркім әр қалай түсінеді. Егер отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы деп қарасақ, үлкен тәрбие мектебі екенін де ұғынуға болады. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылатын да отбасы. Осы орайда, біз оқырмандар…

Толығырақ

ЭКСПО – ЖАҢҒЫРУЫМЫЗДЫҢ БАСТАУЫ

ЭКСПО – ЖАҢҒЫРУЫМЫЗДЫҢ БАСТАУЫ

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Екі дәуір түйіскен өлара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр» деп атап көрсеткен болатын. Кеше ғана үлкен жетістіктермен аяқталған ЭКСПО халықаралық мамандан­дырылған көрмесі осы түбегейлі жаңғырудың басы деп білеміз. Қазақстан өзіне берілген теңдессіз мүмкіндікті тамаша пайдалана білді. Көрменің жабылу салтанатында сөз сөйлеген Елбасымыз ЭКСПО-2017 жаһандық көрмесінің табысты өтуі Астана мен еліміздің барлық…

Толығырақ

ДӘСТҮРЛІ ДҮБІРЛІ ДОДА

ДӘСТҮРЛІ ДҮБІРЛІ ДОДА

Өткен сенбіде №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт кешенінде мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ХІІ халықаралық турнир өтті. Дәстүрлі додаға Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, «Біріккен күрес әлемі» Азиялық кеңесінің атқару комитетінің төрағасы Дәулет Тұрлыханов, ҚР Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садық Мұстафаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Оспанов, «Қазгермұнай» біріккен кәсіпорны бас директорының орынбасары Айтбай Көшербаев арнайы келді. Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінен және еліміздің 10 облысынан, Астана, Алматы қалаларынан 18…

Толығырақ

БАЙҚОҢЫРДАН «ПРОТОН-М» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫ ҰШЫРЫЛДЫ

БАЙҚОҢЫРДАН «ПРОТОН-М» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫ ҰШЫРЫЛДЫ

ҚазАқпарат — 2017 жылдың 12 қыркүйегі күні, Астана уақытымен 01 сағат 23 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Амазонас-5» телекоммуникациялық спутнигі бар «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды. Ғарыш айлағының шұғыл қызметтері мен Қазақстанның жерүсті арнайы қызметтерінің мәліметі бойынша, ұшырылым штаттық режімде өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Зымыран тасығышынан ажырайтын бөлшектер белгіленген аумаққа құлады, 528-інші секундта «Протон»-нан үшінші саты штатты түрде ажырады. Ол «Амазонас-5» телекоммуникациялық спутнигі бар «Бриз-М үдеткіш блогын тіректі орбитаға шығарды. Ұшу циклограммасына сәйкес, ғарыш аппаратының геоөтпелі орбитаға шығарылуын одан әрі үдеткіш блок жалғастырады. «Амазонас-5»-тің мақсатты орбитаға шығуы 9 сағат 12…

Толығырақ

САЛАМАТТЫ ӨМІР – ҚОҒАМ НЕГІЗІ

САЛАМАТТЫ ӨМІР – ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Спорт пен денсаулық – егіз ұғым. Адамзат баласы үшін денсаулық-басты байлық болып есептелсе, спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын, денсаулығын айқындайтын көрсеткіш болып табылады. Елбасымыз «Қазақстан–2050» ұзақ жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясында бұқаралық спортқа аса мән берсе, қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын сақтау мақсатында ҚР «Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын» бекітті, деп хабарлады «Қармақшы таңы» газетінің сайты. Осыған сәйкес сенбі күні аудандық жыраулар үйінде облыстық Жастар денсаулығы орталығының ұйымдастыруымен өткен «Денсаулық фестивалі-2017» акциясы Қазақстан халқының денсаулық әлеуетін көтеруге өзіндік үлес қосып келе жатқан саламатты өмір салтын…

Толығырақ