ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

Бүгін «Рза-Агро» ЖШС-нің Ғ.Мұратбаев ауылындағы егіс алқабында күріш орағының басталуына орай дәстүрлі «Дала күні» семинар-кеңесі өтті. Семинар-кеңеске қатысушылар алдымен Жалаңтөс баһадүр және Жанқожа баба кесенелерінде болып, құран бағыштады. Бұдан соң егістікке бет алып, пленарлық мәжіліске қатысты. Жиналғандарды алғашқы егін орағымен құттықтаған аудан әкімі Н.Шамұратов дихандардың жыл сайын табысты еңбек етіп, қамбаны мол астыққа толтырып келе жатқандығын ерекше атап өтті. Биыл дала еңбеккерлері 17355 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырса, оның ішінде, негізгі дақылымыз күріштің көлемі 6800 гектар. Оның 5150 гектары үстеп қоректендірілсе, 5550 гектарына арам шөптерге қарсы химиялық өңдеу жасалынған. «Алдағы міндет, ел…

Толығырақ

ЕЛІМІЗДЕ БЕНЗИН ҚЫМБАТТАДЫ

ЕЛІМІЗДЕ БЕНЗИН ҚЫМБАТТАДЫ

Еліміздің жанармай құю бекеттерінде бензин қымбаттады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекетінде АИ-92 бензині 144 теңгеге қымбаттаған. АИ-95 маркалы бензин 158 теңгеден сатылып жатыр. Sinooil жанармай құю бекетінде АИ-92 бензині 2 теңгеге қымбаттап, 145 теңгеден сатылып жатыр, ал АИ-95 — 159 теңге. Helios жанармай құю бекетінде АИ-92 маркалы бензин 144 теңге, ал АИ-95 — 158 теңге. Royal Peyrol жанармай құю бекетінде АИ-92 маркалы бензин 2 теңгеге қымбаттап, 145 теңгеден сатылып жатыр. Ал АИ-95 — 159 теңге.     baq.kz

Толығырақ

ЕРБОЛ ТІЛЕШОВ: ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНДЕ 25 ӘРІП БОЛАДЫ

ЕРБОЛ ТІЛЕШОВ: ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНДЕ 25 ӘРІП БОЛАДЫ

Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында қазақ әліпбиін латыншаға көшіру мәселесі қаралды. Отырыста баяндама жасаған Ш.Шаяхметов атындағы республикалық орталықтың директоры Ербол Тілешов латыншаға көшудегі қазақтың төл дыбыстарын қолдануды түсіндіріп берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. «Қазақ әліпбиінің латын графикасындағы нұсқасын дайындау бойынша әртүрлі сала мамандарынан, мекемелерден көптеген ұсыныстар болды. Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасын таңдауда ең алдымен ғылыми принциптер негізге алынды. Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне, жалпы әліпби түзудің теориясы мен практикасына құрылған нұсқа таңдап алынды. Біз латын әліпбиіне көшу бойынша комиссия мүшелері ақылдаса келіп 25 дыбыстан тұратын әліпби нұсқасын…

Толығырақ

ЗЕРІКПЕЙТІН ЗЕРГЕР

ЗЕРІКПЕЙТІН ЗЕРГЕР

Он саусағынан өнер тамған атасы Оразбектен қалған зергерлік өнерді жалғастырушы Берік Рүстемовтің де сақина, білезік соғып, үзілген бұйымдарды бұрынғы қалпына келтіріп, тұтынушының талғамынан шығып жүргеніне де жеті жылға жуықтады. Алтын, күмістен жасалған әшекей бұйымдардың суреттері жинақталған кітапшаға қарай отырып, тапсырыс берушіге көңілі қалаған дүниесін айнытпай қолдан құйып береді.  Берік Рүстемов Жалағаш поселкесінің тумасы. Отан алдындағы әскери борышын өтеп келісімен, еңбек жолын Жалағаш поселкесіндегі жинақ кассасында инспектор болып бастайды. Алматы қаласындағы есеп-кредит техникумын бітіріп, есепші мамандығын алады. Қызметтік сатысында поселкедегі жинақ кассасында инспектор, ревизор, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында, облыстық басқармада тексеруші…

Толығырақ

БЕЙНЕТПЕН ЖЕТКЕН БИІККЕ

БЕЙНЕТПЕН ЖЕТКЕН БИІККЕ

Киелі Қазалы жерінде таңның атысынан, күннің батысына дейін атыз жағалап, күріш егумен айналысқан жандар аз емес. Соның бірі – Ажаркүл Сейділдақызы Алдажарова. Қазалылық даңғайыр диқан 1950 жылы 25 қаңтарда Майлыбас ауылдық Кеңесіне қарасты Ленин колхозында дүниеге келген. Жеті жасында №92 орта мектептің 1 сыныбына барып, сегіз жылдық білім алып шығады. Анасына көмекші болған Ажаркүл Сейділдақызы Қызылту совхозындағы шаруа­шылықтың сан түрлі жұмыстарына ерте араласты. Еңбек ете жүріп кешкі мектептен орта білім алды. Жиырма жасында өзімен бірге шаруашылықта механизатор, шофер болып жұмыс істеген Ержігіт Қарамановпен тұрмыс құрып, осы күні 6 бала тәрбиелеп…

Толығырақ

ДАЛАДАЙ ДАРХАН АЗАМАТ

ДАЛАДАЙ ДАРХАН АЗАМАТ

 «Біреулердің өнегелі бір ісін, Көре-тұра көрмегендер құрысын.  Нең кетеді жақсы десең жақсысын, Нең кетеді дұрыс десең дұрысын». Қадыр Мырза Әлі. Әдетте, ер, батыл деген сөздерді ауызға алғанда көз алдымызға темірдей тұлғалы азаматтар бейнесі келеді. Ал қайсарлық пен өнегелі тәрбие дегенде, олардың бойынан адамзатқа рух шашып тұратын нұр барын ескере бермейміз. Оның себебін, азамат болмысының қарапайымдылығынан, сабырлылығынан, олардың көптің көзіне іліге беруді ұната бермейтін кішіпейілділігінен іздеу керек сияқты. Ондай  қайраткер азамат өмірдің сырлы ағысындай сабырлы да қажырлы мінез-құлқымен көзге түсіп, жұрт көңілінен шығып жатады. Олар халықтың мұң-мұқтажын жүрегіне жақын қабылдап, қарлығаштың…

Толығырақ

«АҚНАЗАРҒА» АЙТЫЛАР АЛҒЫС КӨП

«АҚНАЗАРҒА» АЙТЫЛАР АЛҒЫС КӨП

Соңғы жылдары елімізде бірқатар қызметтер көрсету міндетін бизнес­ке беруге тиімді жол ашылуда. Осындай жекеменшік серіктестігі аясын кеңейтуге қолдау көрсетіп, өз ісін дөңгелентіп жүргендер ортамызда баршылық. Солардың бірі Әйтеке би кентіндегі Мұрат Ибраймұлы Авизов жетекшілік жасайтын «Ақназар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Тарихтың сан қатпарлы сырларын бойына бүккен қасиетті Қазалы қаласында кіндік қаны тамған Мұрат сондағы №16 орта мектебінен тәлімді тәрбие алды. Білім шаңырағын аяқтайтын жоғары сыныпта жүргенінде оның ойы онға, санасы санға бөлінді. «Келешекте қандай мамандықты меңгеремін?» деген сауал қатты мазалады. Ақырында қабырғасымен кеңесе келе тіс технигі болуға бекінді. «Талап – талмас…

Толығырақ

ЖОЛДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ, ЖҮРГІЗУШІ!

ЖОЛДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ, ЖҮРГІЗУШІ!

Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің жол патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен аудан көлемінде жол қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қадағалау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында біршама жұмыстар жүзеге асырылып отыр. Соған қарамастан 2017 жылдың 8 айында аудан көлемінде орын алған жол-көлік оқиғаларының саны 60,8 пайызға (23-тен 37-ге) өскендігі байқалады. Осындай жағдайдың салдарынан дене жарақатын алғандар 66,6 пайызға (24-тен 40-қа) және қайтыс болғандардың саны 140 пайызға (5-тен 12-ге) жоғарылаған. Бұл мәселелердің басты себеп салдарына талдау жүргізу барысында ауданымыздың аумағынан өтетін республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолы мен аудандық маңыздағы автожолдардың үстіне…

Толығырақ

БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ

БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ

Келген қыркүйек айымен бірге жаңа оқу жылы басталып, еліміздегі үлкенді-кішілі барлық оқу орындарының есіктері айқара ашылды. «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп Қадыр ақын айтқандай, оқуға, білімге ұмтылудың маңызы жыл өткен сайын артып келеді. Техника мен ғылымның жүйрік заманында көштен қалуға болмайды, көштен қалсаң, айдалада адасқанмен бірдей. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет», дей келіп: «Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса…

Толығырақ