ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҒЫНАН САҚТАНУҒА ШАҚЫРАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҒЫНАН САҚТАНУҒА ШАҚЫРАДЫ

Соңғы кездері ғаламтор желісі арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстары көбеюде. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану, бөтен мүлікке құқықты иемдену мақсатында әртүрлі заттарды, киім-кешектерді, телефондар мен басқа да тұрмыстық бұйымдарды арзан бағада сатамыз деп алдауына түсіретіндер бар. Мәселен, 2017 жылғы 24 сәуірде 1990 жылы туылған қала тұрғыны «Koleso.kz» интернет сайтында орналасқан «Nissan Patrol» маркалы автокөлігіне қозғалтқыш сатамын» деген хабарламаны көзі шалып қалады. Хабарлама иесімен сөйлесіп, сатып алатындығы жайлы уағдаласып, келіскеніндей «Kazkom» банкі арқылы шотына 300 мың теңге аударады. Алайда хабарлама иесі уәдесін орындамай ғана қоймай,…

Толығырақ

ҚАЗАЛЫДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН XII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАЛЫДА ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН  XII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛАДЫ

9-10 қыркүйек күндері Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде грек-рим күресінен 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталады. Биыл 12-ші мәрте ұйымдастырылатын турнирге  Ресей, Башқұртстан, Дағыстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және еліміздің 9 облысынан    18 команда 300-ге жуық палуан белдеседі. Жарыста спортшылар 10 салмақ (42, 46, 50,54, 58, 63, 69, 76, 85, 100 келі ) дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Айта кетейік, дүбірлі бәсекеге даңқты балуан, грек-рим күресінен жеті дүркін КСРО чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері Дәулет Тұрлыханов жарыстың құрметті қонағы ретінде қатысады. Жарыстың басталуы 9 қыркүйек сағат 9.00-де, салтанатты…

Толығырақ

ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДЫ ІРІЛЕНДІРУ САЛАЛАР ҮШІН ҚАЖЕТ ПЕ?

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы бірден бір тәсіл – шағын бизнесті ірілендіру, шоғырландыру. Мәселен, ауыл шаруашылығындағы сәтті құрылған кооперацияларды тілге тиек етуге болады. Бірнеше шаруа қожалықтар бірігіп, бірінде техника, бірінде мал басы, бірінде қора-жайы бар әлеуетті ортаға салып, кәсіптерін табысты ұйымдастырып келеді. Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар агроөнеркәсіп кешенін жетілдіруде ұтымды модельге айналды. Әр саладағы шағын қауымдастықтар мен одақтар осы принциппен бірігуге күш салмақ. «Қауымдастық» сөзі «Уикипедия» ашық энциклопедиясынан алған мәлімет бойынша «ортақ шаруашылық мақсатқа жету үшін ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың шарт негізінде бірігуі, нақты шекаралар, тұрғылықты жерлер немесе территориялар ішінде…

Толығырақ

ҚАЗАЛЫ ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА ИНСУЛЬТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

ҚАЗАЛЫ ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА ИНСУЛЬТТЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Қызылорда облысында осы жылдың 6 айында УДДГ (ультрадыбыстық доплерография) зерттеуімен 1 886 адам тексеріліп, 80-де стеноз анықталып, 89%-на консервативті ем тағайындалып, 11%-на каротидті эндоартерэктомия отасы жасалған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Оның айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен Жол карталардың индикаторлары толық орындалды. Осы ауруларға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыруда «алтын сағат» уақытын сақтау өте маңызды. Осыған байланысты, аймақтағы жол қатынастарының ұзақтығын ескере отырып, елді мекендерде орналасқан халыққа мамандандырылған көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдың ақпан айында Қазалы теміржол ауруханасының базасында ауданаралық II…

Толығырақ

Министр Біртановтың ұстанымы түсініксіз

«Атамекен» ҰКП  міндетті медициналық сақтандыру реформасын 2020 жылға дейін шегеруді қажет деп санайды Міндетті медициналық сақтандырудыЕлбасы сынынан кейін кейінге қалдыруды ҚР Денсаулық сақтау министрі назарға алды.Айта кетелік, Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге асықпауға шақырды. Дегенмен,Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан медицианлық сақтау Қорына жарналарды ары қарай жинау немесе жинамау жайында әрекеті түсініксіз. «Атамекен» ҰКП, бизнес-қауымдастықтың ұстанымы жайында білу үшін «abctv.kz»ақпараттық порталы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовпен сұхбаттасқан еді. – Қазір қоғамда өзіндік құқықтық вакуум түзілді.  Денсаулық сақтау министрі реформаны енгізуді екі-үш жылға шегеру туралы ойын білдірді. Алайда заң…

Толығырақ

Есептеуді бақылайтын құралдарды орнату мұнай саласын құлдыратады

Автожанармай құю станцияларына есептеуді бақылайтын құралдарды орнатудың пайдалылығы тәжірибе жүзінде тексерілді. 6 қыркүйекте Астанадағы мұнай базасы мен автожанармай құю станциясында жиын өтті. Іс-шара Қазақстандағы мұнай өнімдерін өндіру, оны сақтау және өткізу нысандарында есептеуді бақылайтын құралды қою бағдарламасын жүзеге асырудағы түйткілді мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Жиынға«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа мүшесі, Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы Данияр Абылғазин, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салық бақылау департаменті Акциздерді әкімшіліктендіру басқармасының басшысы Дамир Нұрғалиев, «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Рүстем Қабжанов, Отын қауымдастығының төрағасы Болат Әуетаев қатысты….

Толығырақ

Асқазанды «құртатын» ең зиянды тағамдар

Асқазанды «құртатын» ең зиянды тағамдар

Статистика бойынша, әлем халқының 80 пайызы асқазан-ішек жолдары ауруларына шағымданады. Дәрігерлер оның себебін адамдардың дұрыс тамақтанбауымен түсіндіреді. Және асқазанға зиянды деген тағамдар топтамасын атап көрсетті. Сонымен, асқазанға өте зиянды, оны «құртатын» нәрселер: 1. Бірінші орында кока-кола, тәтті, газдалған сусындар. 2. Фаст-фуд өнімдері: лаваш, шаурма, «фри», бургерлер… 3. Шала дайындалған ет өнімдері: шұжық, сосискалар, консервілер. 4. Жылдам дайындалатын сорпа, кеспелер: доширак, роллтон т.б 5. Дайын соустар, майонездер, дәмдеуіштер. Бұлардың барлығының да құрамында зиянды майлар, қоспалар, химикаттар, тұз, қант, «Е»- консерванттар мөлшері өте көп. Сондай-ақ бұл тізімді маргарин, ұзақ уақыт сақталған балмұздақ,…

Толығырақ

«Бөлеген қамқорлыққа төңірегін…»

«Бөлеген қамқорлыққа төңірегін…»

Елдің өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосқан азаматтарды ұмытпау, әрдайым ескеріп отыру – парыз. Бұл жас ұрпақ үшін қажет. Жастар жақсыдан өнеге алуы тиіс.  Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары тындырымды жұмыс істеп, іскерлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен ел есінде қалған ардақты ағаларымыздың бірі, соғыс және еңбек ардагері – Аяған Ділжанов болатын. Он сегіз жасқа толар-толмас шағында қолына қару алып, елін дұшпаннан қорғау үшін шайқасты. Қиыр Шығыстағы Забайкал майда­нындағы шайқастарға қатысты. Бұл өзі жапон басқыншыларына қарсы құрылған шекаралық әскери бөлім болатын. Аякеңнің қарулас жолдасы Смағұл Бисенов туралы жазушы Дүкенбай Досжанов бір кездері «Жанкештімен бетпе-бет» деген…

Толығырақ

Қасиетті Қазалы

Қасиетті Қазалы

Қазалы қаласы – Қызылорда облысындағы шағын қала. Ол Сырдария өзенінің оң жағалауында орын тепкен. Қаланың негізі 1853 жылы қаланған. Ол кездегі жағдай көкірегі ояу жандарға жақсы белгілі. Қазақ даласы, бір жағынан, хиуалықтардың озбырлығынан, екіншіден, Ресейдің отаршылдық саясатынан зардап шекті. Қазалы топырағы да осындай қиын кезеңді бастан кешіп жатты. Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский император ІІ Александрдың келісімімен Қазалыда форт құрылысын бастады. Қазалы алғашқыда №1 Сырдария форты аталды. Ал 1867 жылы бұл жерге қала мәртебесі берілді. Сөйтіп, Қазалы қаласы өмірге келді. Сонда қазір қаланың «жасы» – 143-те. Бір жарым ғасырға жуық деген сөз….

Толығырақ

«Денсаулық» медициналық пойызы Қызылорда облысында екі айдан астам уақыт болды

«Денсаулық» медициналық пойызы Қызылорда облысында екі айдан астам уақыт болды

«Денсаулық» медициналық пойызы екі айдан астам уақыт Қызылорда облысының тұрғындарына қызмет көрсетті. Пойыз 14 маусымда осы аймақтағы жұмысын бастап, 26 тамызда Сауран бекетінде аяқтады. Қызылорда облысындағы шалғайда орналасқан 31 темір жол бекеті мен жол айырықтарының тұрғындары жылжымалы медициналық бригада дәрігерлерінің қызметіне жүгіне алды. Олардың қатарында Сексеуіл, Абай, Арал теңізі, Сапақ, Шөміш, Бекбауыл, Қазалы, Үйінді, Көбек, Майлыбас, Байқожа, Төретам, Диірментөбе, Жосалы, Қызылтам, Қаракеткен, Жалағаш, Тереңөзек, Қараөзек, Белкөл, Бірқазан, Майлытоғай, Ақмая, Екпінді, Төменарық,  26-жол айырық, Бөріойнақ, Аққұм, Талап, Бесарық және Сауран елді-мекендері бар. Қызылорда облысының 12 644 тұрғыны, олардың қатарында 2 524…

Толығырақ