ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ 10 СЕКУНДТА АНЫҚТАЙТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ЖАСАЛДЫ

ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ 10 СЕКУНДТА АНЫҚТАЙТЫН ТЕХНОЛОГИЯ ЖАСАЛДЫ

Остиндегі Техас университетінің ғалымдары мен инженерлері қатерлі ісікті өте жылдам әрі дәл анықтайтын құрылғы жасап шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Ғалымдар операция кезінде ісікке шалдыққан тіндерді дәл әрі тез анықтап беретін бірегей құрылғы ойлап тапты. Тест нәтижесі 10 секунд ішінде дайын болады – бұл қазіргі қолданыстағы технологияға қарағанда 150 есе жылдам», – деп жазады Medical Express. Жаңа инновациялық құрылғы MasSpec Pen деп аталады. Дәрігерлердің ұстап жүруіне де ыңғайлы, қалтаға сыйып кетеді. Технология хирургтерге ота кезінде қандай тінді қалдырып, қайсысын алып тастау керектігі жөнінде нақты диагностикалық…

Толығырақ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ НАСИХАТТАЛДЫ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Жалаңтөс баһадүр атындағы орталық стадионда салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орайластырылған «Денсаулық фестивалі» болды. Аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар денсаулығы, аудандық ішкі саясат, денешынықтыру және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткен фестивальге аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев, сондай-ақ медицина қызметкерлері қатысты. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында қалың елдің салауатты өмір салтын ұстануы мен спортпен шұғылдануына айрықша көңіл бөлініп келеді. Қоғамның басты байлығы – адам болса, адамның басты байлығы, ол – денсаулық. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ауданымызда кең ауқымды «Денсаулық фестивалі» өткізілуде, бұл фестиваль халық арасында еңбектенген жастан еңкейген…

Толығырақ

«ДЕНСАУЛЫҚ» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЕКІ АЙДАН АСТАМ УАҚЫТ БОЛДЫ

«ДЕНСАУЛЫҚ» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЕКІ АЙДАН АСТАМ УАҚЫТ БОЛДЫ

«Денсаулық» медициналық пойызы екі айдан астам уақыт Қызылорда облысының тұрғындарына қызмет көрсетті. Пойыз 14 маусымда осы аймақтағы жұмысын бастап, 26 тамызда Сауран бекетінде аяқтады. Қызылорда облысындағы шалғайда орналасқан 31 темір жол бекеті мен жол айырықтарының тұрғындары жылжымалы медициналық бригада дәрігерлерінің қызметіне жүгіне алды. Олардың қатарында Сексеуіл, Абай, Арал теңізі, Сапақ, Шөміш, Бекбауыл, Қазалы, Үйінді, Көбек, Майлыбас, Байқожа, Төретам, Диірментөбе, Жосалы, Қызылтам, Қаракеткен, Жалағаш, Тереңөзек, Қараөзек, Белкөл, Бірқазан, Майлытоғай, Ақмая, Екпінді, Төменарық,  26-жол айырық, Бөріойнақ, Аққұм, Талап, Бесарық және Сауран елді мекендері бар. Қызылорда облысының 12 644 тұрғыны, олардың қатарында 2…

Толығырақ

ЭКСПО-НЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫНДА БОЛАШАҚ ӘЛЕМ КӨРСЕТІЛЕДІ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанатына келген қонақтар болашаққа саяхат жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат шоу ұйымдастырушыларына сілтеме жасап. 10 қыркүйек күні өтетін мультимедиялық шоуда «жасыл» технологиялар мен көрмеге қойылған ең үздік жаңалықтар көрсетіледі. Онда қонақтар ең үздік заманауи жетістіктер үйреншікті болып кеткен болашақ өмірді көре алады. «Қойылымда ЭКСПО-2017 көрмесінің адамзаттың болашағына қалай әсер ететінін, көрмеге қойылған жаңа өнертабыстардың көмегімен әлемнің қалай өзгеретінін көрсетеміз. Басты рөлде адам ойнайды. Себебі, адам – теңдессіз технологиялық жетістіктердің авторы», – дейді жабылу салтанатының бас продюсері Борислав Володин. Ол шоудың әдемі…

Толығырақ

ЖАНКҮЙЕРЛЕР ТВУМАСИДІҢ «СЕЛТИККЕ» САЛҒАН ДОБЫН ТАМЫЗ АЙЫНДАҒЫ ҮЗДІК ГОЛ ДЕП АТАДЫ

ЖАНКҮЙЕРЛЕР ТВУМАСИДІҢ «СЕЛТИККЕ» САЛҒАН ДОБЫН ТАМЫЗ АЙЫНДАҒЫ ҮЗДІК ГОЛ ДЕП АТАДЫ

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Астана» футбол клубының ВКонтактедегі ресми тобында тамыз айындағы үздік голды анықтау бойынша дауыс беру өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ФК сайтына сілтеме жасап. Жаздың соңғы айында астаналықтар 8 гол соқты, алайда олардың екеуі қарсылас команда футболшыларының есебіне жазылды. Дауыс берген 4500 адамның 36 пайызы өз дауыстарын шотландиялық «Селтик» қақпасына гол соққан Патрик Твумасиге берген. Екінші орында Шотландияның бірнеше дүркін чемпионының қақпасына гол соққан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықов болды. Ал, үшінші орынға Твумасидің чемпиондар лигасының плей-оффында соққан тағы бір голы ие болды. Бұл жолы «Астана»…

Толығырақ