ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТОЛЫҒЫМЕН ОРТА БАСШЫ ҚҰРАМЫНЫҢ АРНАЙЫ АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Полиция қызметкерлерінің әлеуметтік ахуалын көтеру, материалдық қамсыздандырылу көрсеткішінің еңбек қызметі мен ауқымына сай болуын  қамтамасыз ету, Жергілікті полиция қызметінің мәртебесін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тарапынан ұсыныс әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінде қаралды. Аталған жоба Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаев тарапынан қолдау тауып, нәтижесінде Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция саласындағы кіші басшы құрам лауазымдағы 248 қызметкері орта басшы құрам лауазымдарына ауыстырылды. Осыған орай, 2017 жылғы 04 қыркүйекте Жергілікті полиция қызметінің алаңында 80 қызметкерге алғашқы арнайы атақтарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтіп, шараға департамент басшылығы және жеке құрам қатысты. Жиын барысында…

Толығырақ

«ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНАДЫ

Жексенбі күні, 10 қыркүйекте көрме кешенінің аумағында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылу салтанаты өтеді. Іс-шараның ресми бөлімі Конгресс орталығы ғимаратында өтеді. Алайда, көрсетілім Амфитеатр сахнасынан 20:00-ден 20:50-ге дейін жүргізіледі. 10 қыркүйекте көрме штаттық режимде қызмет етеді. Барлық павильон қонақтарды 09:30-дан 20:00-ге дейін қабылдайды. Ресми билет кассалары 09:00-ден 18:30-ға дейін және 22:00-ден 00:30-ға дейін жұмыс істейді. Ал, 19:00-ден 22:00-ге дейінгі уақыт аралығында көрменің барлық кіреберісі жабылады. Оңтүстік және батыс кіреберістері сағат 22:00-ден бастап қайта ашылады және 01:00-ге дейін келушілерді қабылдайды. Павильондар атриумы 22:00-де ашылып, 02:30-ға дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында…

Толығырақ

ЕҢ ТАЛАП ЕТІЛГЕН МАМАНДЫҚТАР

ЕҢ ТАЛАП ЕТІЛГЕН МАМАНДЫҚТАР

Бүгінгі күнде жақын уақытта өзекті мамандықтардың атауларын білу өте маңызды. Сондықтан да халықаралық дамуға еңбек нарығындағы жағдай екпіндей ауысады. Сондықтан да қазіргі заманғы экономикалық нарықтың ерекшеліктерін ескеру қажет. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сай, Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Тез өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық озық, өнімді жұмыс күшін құру үшін адам капиталына инвестициялар өте қажет. Білімге, дағдыға және тұрғындардың қабілеттеріне инвестициялайтындар болашақтың табысты экономикасы болады. Білімді жай ғана әлеуметтік қажеттіліктерге шығын деп емес, экономикалық инвестициялар…

Толығырақ

ҚАУЫН ШЫБЫНЫНАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ?

Жуырда «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу» аясында «қауын егістіктерін қауын шыбынынан қорғаудың экологиялық қауіпсіз жүйелерін қолдану тиімділігін апробациялау» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. «Ж.Жиембаев атындағы қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты» ЖШС мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға ғалымдар, сала мамандары, кәсіпкерлер мен шаруашылық төрағалары қатысты. Елімізде қауын шыбынының алғашқы ошақтары 2004 жылы Қарақалпақстанмен шекаралас Қармақшы ауданында анықталды. Қауын шыбынының алғашқы ошақтары пайда болған 2009 – 2011 жылдары қауын өсіріліп жатқан егістіктерді химиялық қорғау шараларына бюджеттен 31 млн тенге қаражат бөлініп, игерілді. Осы…

Толығырақ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаевтың 2017 жылғы 5 қыркүйегіндегі № 03-05/133 бұйрығымен Қаракөз Есбосын Қожаққызы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Қаракөз Қожаққызы 1980 жылы 4 сәуірде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Жоғары білімді. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2001 жылы Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Б.К.Мергенбаев атындағы № 226 гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2011-2013 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының…

Толығырақ

ХОККЕЙ: «БАРЫС» УФАДА СОҢҒЫ СЕКУНДТАРДА ЖЕҢІСТІ ЖҰЛЫП АЛДЫ

ХОККЕЙ: «БАРЫС» УФАДА СОҢҒЫ СЕКУНДТАРДА ЖЕҢІСТІ ЖҰЛЫП АЛДЫ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынын Уфада жергілікті «Салават Юлаев» командасымен өткізіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Бірінші кезеңде 9-минутта Линден Вейдің пасынан кейін Найджел Доус есеп ашты. Бір минуттан кейін Максим Семеновтан шайба қабылдаған Владимир Маркелов есепті 2:0-ге жеткізді. Дегенмен екінші кезеңде айдын иелерінен Йоонас Кемппайнен мен Артем Федоров таразы басын теңестірді. Ал үшінші, шешуші кезеңде Тему Хартикайнен «Салават Юлаевты» алға шығарды. Дегенмен соңғы минутта елордалықтар нағыз ерлік жасады. Алдымен Найджел Доус есепті теңестірсе, содан кейін Мартен Сен-Пьер мергендік танытты. Уфалықтар…

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУАРЛАРЫ ӘЛЕМНІҢ 117 ЕЛІНЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАУАРЛАРЫ ӘЛЕМНІҢ 117 ЕЛІНЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

ҚР ҰЭМ өкілі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ базасында өткізілген «Қазақстан Республикасының 2018-2022 жылдарға арналған ұлттық экспорттық стратегиясы: жүзеге асыру әлеуеті және басымдықтары» дөңгелек үстелі барысында сөз сөйлей келіп, стратегияны жүзеге асыру бағдарламасының шикізаттық емес тауарлардың экспортының көлемін 2025 жылға қарай 2015 жылмен салыстырғанда екі есе ұлғайтуға бағытталғанын атап өтті. ҚР ҰЭМ Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті директорының орынбасары Уәсила Байқадамова Қазақстан Республикасының 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық экспорттық стратегиясының жобасын әзірлеу бойынша ҚР ҰЭМ жүргізген жұмыстар туралы баяндады. «Бағдарламаның бесжылдық кезеңге арналғанын ескере келіп, оны жүзеге асырудағы табыстылықтың нысаналы индикаторлары ретінде…

Толығырақ

«ӘЛЕМ БАРЫСЫНДА» ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАМЫСЫН ҚАЙ БАЛУАНДАР ҚОРҒАЙДЫ

«ӘЛЕМ БАРЫСЫНДА» ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАМЫСЫН ҚАЙ БАЛУАНДАР ҚОРҒАЙДЫ

АСТАНА. ҚазАқпарат – 8 қыркүйек күні Астанада Қазақ күресінен ел тарихындағы ең ауқымды әрі әлемдік дәрежедегі ірі жарыс өтеді. Дүбірлі додаға Қазақ күресіне бейімделген, бейімделіп қана қоймай, топ жарып та жүрген жаһанның 40 елінен кіл мықтылар келе жатыр. Ал осынау жауапты додада Қазақстанның намысын қай балуандар қорғайды? «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі осы бәсекеде көк байрақты елдің абыройы үшін боз кілемге шығатын балуандарға шолу жасайды. Айбек Нұғымаров. Сөзсіз, соңғы жылдары Қазақ күресіндегі «жұлдызды» балуандардың қатарындағы Айбекке бұл жолы да зор жауапкершілік артылғалы отыр. Әсіресе, 2014 жылы Павлодар қаласында өткен тұңғыш «Әлем барысында»…

Толығырақ

Қызылордалықтар бір апта бойы денсаулықтарын нығайтпақ

Қызылордалықтар бір апта бойы денсаулықтарын нығайтпақ

«Денсаулық» фестивалі елімізде 20 жылдан бері аталып өтілуде. Салауатты өмір салтын насихаттау шарасы биыл 9 қыркүйекке белгіленді. Ал Қызылорда облысында фестиваль аясында апталық ұйымдастырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жастар денсаулық орталығының бас дәрігері Жанар Қалмақова мәлімдеді. Апталық аясында 4-9 қыркүйек күндері емханаларда «Ашық есік» күні өтеді. Сондай-ақ, фестиваль барысында көпшілік түрлі спорттық сайыстарға қатыса алады. Қазір оқу орындары мен мектептерде «Денсаулық» сабағы өтуде. «Биыл алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар да фестивальге қатыстырылды. Олардың арасында шығармашылық байқаулар өткізілуде. 7 қыркүйекте сайыс жеңімпаздарын анықтаймыз», — деді Жанар Қалмақова….

Толығырақ